
Тел.: 8 (727) 279-22-16, 279-58-59, 279-23-27, 279-59-09, қосымша: 183
Бөлімшенің негізгі қызметі – құрсақ қуысы мүшелері мен эндокриндік ағзалардың хирургиялық патологиясы бар науқастарға операциялық көмек көрсету. Бөлімше дәрігерлерінің жоғары кәсібилігі, мол тәжірибесі, науқастарға деген сыпайы әрі қамқор қарым-қатынасы, олардың қажеттіліктеріне көңіл бөлуі хирургиялық көмек көрсету барысында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бөлімше базасында жыл сайын 250-ден астам ота жасалады.
Сондай-ақ, бөлімше базасында бекітілген бағалар прейскурантына сәйкес ақылы негізде түрлі хирургиялық көмек түрлері көрсетіледі, жайлылық деңгейі жоғары палаталар (екі орынды палаталар) бар. Отаға дейінгі тексерулердің барлық түрін (анализдер тапсыруды, эндоскопиялық және УДЗ тексерулерін, КТ, бейінді мамандардың консультацияларын қоса алғанда) тікелей стационарда өтуге болады, бұл тексеру уақытын едәуір қысқартып, жоғары кәсіби қорытындылар алуға мүмкіндік береді.
Бөлімшеде жұмыс істейтін барлық хирург дәрігерлердің біліктілік санаты жоғары, олардың әрқайсысы хирургияның тиісті саласында жұмыс істеу құқығын растайтын мемлекеттік сертификаттарға ие және жұмыс тәжірибесі мол. Персонал біліктілігінің кәсіби тұрғыдан жетілдіруі және бөлімшенің бірегей жабдықталуы — осы хирургиялық бөлімшенің басты ерекшелігі. Елдегі және шетелдегі (мысалы, лапароскопиялық хирургия бойынша — Кореяда) үздік клиникаларда арнайы мамандану курстарынан өткен.
Операциялар тек заманауи технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі.
Азинвазивті және эндохирургиялық технологияларды дамытудың әлемдік үрдістеріне сай, бөлімше Жапония, Корея, Германия, Израильдің шетелдік клиникаларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Осы заманауи хирургиялық әдістерді жүзеге асыру үшін ең үздік әлемдік медициналық жабдық өндіруші фирмалардың қажетті қымбат құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Заманауи қондырғылармен және барлық қажетті жаңа құралдармен толық жабдықталған үлкен хирургиялық операциялық бөлме бар, ол жеке операциялық блокта орналасқан және күрделі оталар сол жерде жасалады. Сондай-ақ, шағын операциялық бөлме, таңу бөлмесі және процедуралық кабинет те толық жабдықталған.
Сонымен қатар, сіздер Кардиохирургия бөлімшесіне және Гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімшесіне де жүгіне аласыздар. Ол бөлімшелерде жүрекке ота жасау, бауыр аурулары кезінде (бауыр іріңдігі және т.б.) оталар жүргізіледі.
бөлімшенің практикалық қызметі
өңеш хирургиясы
өңеш аурулары
ӨҢЕШКЕ ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР:
• Өңешті буждау;
• Трансхиатальды эзофагогастропластика (асқазан түтікшесінен өңешті пластикалау)
• Эзофагоколопластика (өңешті тоқ ішектің трансплантатымен алмастыру)
• Өңештің қос аймақтық лимфодиссекциясымен субтотальды резекциясы (Льюис операциясы)
• Мак-Кеон операциясы
• Торакоскопиялық және торакотомиялық қолжетімділік арқылы өңештің дивертикулэктомиясы
• Ценкер дивертикуласын алып тастау (мойын аймағы)
• Кардия ахалазиясын (кардиоспазм) хирургиялық және консервативті түзету:
• Жалған кардиодилатация
• Геллер әдісі бойынша фундопликация мен лапароскопиялық эзофагокардиомиотомия (Дор бойынша)
• Пероральды эндоскопиялық миотомия (POEM)
• Өңештің жарақаттары мен перфорациясын хирургиялық емдеу
• Өңештегі бөгде денелерді алып тастау
• Өңештің жыланкөздерін алып тастау
• Ісікті эндоскопиялық шырышастылық резекция (ESD, EMR)
• Эндоскопиялық полипэктомия
• Шырышасты түзілістерді эндоскопиялық туннельдік резекциялау (STER)
• Өңешке стент орнату
АСҚАЗАН ХИРУРГИЯСЫ
АСҚАЗАН АУРУЛАРЫ:
• Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы және оның асқынулары
• Пенетрациялы каллезді жаралар
• Жазылуға бейімділігі жоқ жаралар
• 3–5 жыл бойы терапиялық емнің әсері болмауы
• Малигнизация
• Асқазанның шығаберіс бөлігінің тыртықты стенозы
• Асқазан ісігін алып тастау, емдеу
• Асқазанның қатерсіз ісіктері
• Өңеш полипі
• Өңештің лейомиомасы
• Өңештің қатерлі ісіктері
• Асқазанның аденокарциномасы
• Асқазанның саркомасы
• Асқазанның жалпақ жасушалы обыры
• Асқазанды кішірейту операциясы
• Эндокриндік обыр
• Асқазан карциноиды
• Энергетикалық ресурстардың шамадан тыс түсуімен байланысты 1–3 дәрежелі май басу
АСҚАЗАНҒА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР:
• Асқазанның қатерлі жаңа түзілімдері кезіндегі лимфодиссекция мен гастрэктомия
• Бильрот I және Бильрот II әдісі бойынша лапароскопиялық асқазан резекциясы
• Май басу кезінде ашық және лапароскопиялық қолжетімділік арқылы орындалатын бариатриялық операциялар
• Асқазанды бандаждау (gastric banding)
• Асқазанның бойлық резекциясы (sleeve gastrectomy)
• Гастрошунттау немесе шунттау (асқазанды кішірейту операциясы)
• Билиопанкреатикалық шунттау (biliopancreatic bypass)
• Асқазанның дәстүрлі резекцияларының түрлі модификациялары
• Гастростомия
• Ісікті эндоскопиялық шырышастылық резекциялау (ESD, EMR)
• Эндоскопиялық полипэктомия
• Шырышасты түзілімдерді эндоскопиялық туннельдік резекциялау (STER)
• Өңешке стент орнату
КОЛОПРОКТОЛОГИЯ
КОЛОПРОКТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР:
• Дивертикулдар
• Бейспецификалық ойық жаралы колит
• Крон ауруы
• Гиршпрунг ауруы
• Ісіктер
• Қатерсіз ісіктер (полиптер, липомалар, фибромиомалар, миомалар, ангиомалар)
• Тоқ ішек обыры
ОПЕРАЦИЯЛАР
• Тоқ және тік ішекті ашық және лапароскопиялық әдіс арқылы резекциялау
• Оң жақтық гемиколэктомия
• Сол жақтық гемиколэктомия
• Сигма тәрізді ішекті резекциялау
• Тік ішекті резекциялау
• Түбегейлі колэктомия
• Тік ішекті экстирпациялау
• Илеостомия
• Колостомия
• Энтеростомия
• Аш ішек стомасын жабу
• Тік ішек жыланкөзін жабу
• Тоқ ішек стомасын жабу
• Ісікті эндоскопиялық шырышастылық резекциялау (ESD, EMR)
• Эндоскопиялық полипэктомия
ЭНДОКРИНДІ ХИРУРГИЯ
• I Эндемиялық және спорадиялық жемсау – түйінді, диффузды және аралас түрлері
• II Диффузды уытты жемсау
• III Қалқанша безінің ісіктері
• Бүйрекүсті безі аурулары
• Қатерсіз (бүйрекүсті безіні аденомасы және т.б.)
• Қатерлі ісіктер
• Фолликулярлық карцинома
• Папиллярлық карцинома
• Медуллярлық (С-жасушалық) карцинома
• Дифференцияланбаған (анапластикалық) карцинома
• Эпителийлік емес ісіктер
• Қатерлі лимфома
• Басқа да
ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ МҮШЕЛЕРІНЕ ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР
• Струмэктомия
• Лапароскопиялық спленэктомия
• Бүйрекүсті бездерінің қатерсіз және қатерлі ісіктерінде эндобейнехирургиялық және ашық операциялар
• Лапароскопиялық адреналэктомия
• Қалқанша безінің рентгенэндоваскулярлық эмболизациясы
ЭНДОБЕЙНЕХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР
• Торакоскопиялық өңеш резекциясы
• D2 лимфодиссекциясы мен лапароскопиялық гастрэктомия
• Диафрагмалық жарықтар кезінде лапароскопиялық фундопликация
• Бильрот II әдісі бойынша асқазанның лапароскопиялық резекциясы
• Бильрот I әдісі бойынша асқазанның лапароскопиялық резекциясы
• Тоқ ішекті лапароскопиялық резекциялау
• Тік ішекті лапароскопиялық резекциялау
• Лапароскопиялық адреналэктомия
• Лапароскопиялық холецистэктомия
• Лапароскопиялық аппендэктомия
• Асқазан-ішек жолы полиптерін эндоскопиялық алып тастау
• Геллер әдісі бойынша фундопликация мен лапароскопиялық эзофагокардиомиотомия (Дор әдісімен)
• Пероральды эндоскопиялық миотомия (POEM)
• Ісікті эндоскопиялық шырышастылық резекция (ESD, EMR)
• Эндоскопиялық полипэктомия
• Шырышасты түзілімдер кезінде эндоскопиялық туннельдік резекциялау (STER)
• Өңешке стент орнату
ЖАРЫҚТАРДЫҢ ТҮРЛІ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫНА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР:
• Керме әдістерін және торлы эксплантаттарды қолдана отырып шап және сан жарықтарын жою
• Аутодермопластиканы және торлы эксплантаттарды қолдана отырып, іш қабырғасының ауқымды операциядан кейінгі және қайталамалы сыртқы жарықтарын жою
Тексерілу және емделу мәселелері бойынша бөлімшенің келесі телефон нөмірлері бойынша жүгінуге болады:
8 (727) 279-22-16, 279-58-59, 279-23-27, 279-59-09; қосымша: 183
Консультациялар бөлімшеде мамандардың қабылдау кестесіне сәйкес Диагностикалық орталығында Алматы қ., Желтоқсан көш.,үй 51 – мекен-жайы бойынша іске асырылады.