Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

«Advanced Endoscopy» шеберлік сабағы

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-да 2021 жылғы 5-6 қараша аралығында Түркия елінің үздік эндоскопистері профессор Эрдем Акбаль және профессор Мехмет Ибиштің қатысуымен шеберлік сабақтары өтті.

Шеберлік сабақтарының аясында 3 ота (ПОЭМ, тік ішек және асқазан диссекциясы) орындалды.

Ұлғайтқыш эндоскопия, хромоскопия және эндоскопиялық шырышасты диссекция негіздері бойынша баяндамалар оқылды.

Ісшараға оффлайн және онлайн режимде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Сербия, Түркия және Өзбекстаннан барлығы 160 адам қатысты.

Сондай-ақ эндоскопиялық шырышасты диссекция бойынша биомодельдер арқылы тренинг өткізілді.

Разработано в AlmaWeb