Колоноскопия — эндоскоптың көмегімен тоқ ішекті тексеру әдісі. Жарықтандырудың және бейне көрсету мүмкіндігі жоғары эндоскоптың арқасында тоқ ішек қабырғаларының барлығын (тік ішектен бастап аш ішектің терминалды бөлігіне дейін) ішінен мұқият қарауға болады. Ал тар спектрлі жарық кез келген патологиялық күйді ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді. Диагнозды верификациялау мақсатында биопсия орындалады.
Қай кезде тексеруден өту керек:
1. Мынадай белгілер байқалғанда:
Тік ішектен қан/шырыш бөлінгенде;
Дәреттің/нәжістің бұзылуы болғанда (іш қату немесе іш өту);
Іштің ауыры/кебуі;
Әлсіздік, шаршау, субфебрилитет.
2. Тоқ ішектің қатерлі ісігіне күдік пайда болғанда:
КТ, УДЗ, МРТ, рентгенологиялық зерттеулер кезіндегі өзгерістер;
Қан талдауында қатерлі ісікке тән өзгерістердің болуы (гемоглобиннің төмендеуі, ЭТЖ-ның жоғарылауы);
Спецификалық онкомаркерлердің көтерілуі;
Нәжістегі жасырын қанның зертханалық жолмен анықталуы.
3. Мынадай жағдайларда тоқ ішек қатерлі ісігінің бар екенін растау немесе теріске шығару үшін:
Асқазан полипі/қатерлі ісігі;
Тік ішек полипі;
Бауыр өсінділері кезінде;
Гинекологиялық операцияға (эндометриоз, аналық бездің, жатырдың және т.б. қатерлі ісіктері) дайындық кезінде.
4. Егер науқас қауіп-қатер тобына (жыл сайынғы жоспарлы бақылау тобы) енген болса:
ойық жаралы колит немесе крон ауруы;
отбасылық тоқ ішек полипозы;
тоқ ішекке операция/полипэктомия жасалған болса (соның ішінде онкологиялық аурулар).
Қарсы көрсеткіштер (негізгілері):
Науқастың ауыр халде болуы;
Жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрі;
ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ КОЛИТТІҢ\КРОН АУРУЫНЫҢ күрделі ағымы.
КЕРЕК ДЕРЕК:
50 жасқа толғандар тоқ ішек қатерлі ісігінің скринингінен өтуі керек. Тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдыққан науқастардың 85%-ы — 60 жастан асқан тұлғалар.
Науқастың туыстарында тоқ ішектің бірінші дәрежелі қатерлі ісігі/ полиптері болса, алғашқы профилактикалық колоноскопияны науқастың туысында қатерлі ісік анықталған жасқа дейінгі 10 жыл ішінде орындау қажет.
Емшара жергілікті анестезия немесе медикаментоздық ұйқы арқылы жүзеге асырылады.