Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Консультативті-диагностикалық көмек

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО мамандары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде 2021 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Шонжы қ. Ұйғыр орталық аудандық ауруханасына іссапармен барып, жергілікті тұрғындарға консультация берді.

Көшпелі консультацияның мақсаты – бейінді мамандардың консультациясына мұқтаж және Алматы қаласына келе алмайтын тұрғындарға бейінді мамандардың (гепатобилиарлық хирург, гастроэнтеролог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері) тегін консультациясын алуға мүмкіндік беру.

Консультацияларды гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімшесінің меңгерушісі М.О. Досханов, бөлімше дәрігерлері А.С. Скакбаев, А.У. Исматов, гепатолог-гастроэнтеролог Б.С. Абжапарова, ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің дәрігері Ч.Т. Садыков жүргізді.

ҰҒХО мамандары бауыр, ұйқы безі және өт жолдарының түрлі патологиялары бар 81 науқасты (гепатобилиарлық хирургтың консультациясы – 53 науқас, гастроэнтерологтың консультациясы – 28 науқас) қарап-тексерді, оның ішінде 43 науқасқа құрсақ қуысы ағзаларына ультрадыбыстық зерттеу орындалды.

Қарап-тексерулер барысында 8 науқаста бауыр түзінділері, 23 науқаста өт-тас аурулары, 4 науқаста бауыр циррозы анықталды.

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО жағдайында 15 науқасқа портал арқылы оталық емдеу жүзеге асырылатын болады.

Алдағы уақытта Алматы облысының шалғай аудандарында да көшпелі консультациялар жүргізу жоспарланып отыр.

Разработано в AlmaWeb