Нефробиопсия (бүйрек биопсиясы) — бүйректің құрылымындағы ерекшеліктердің және ондағы өзгерістердің сипаттамасын нақтылауға көмектесетін диагностикалық емшара.
Биопсия түрлі бүйрек ауруларын, асқыну процесінің деңгейін, бүйрек тініндегі және тамырлардағы өзгерістердің сипатын диагностикалау мақсатында жүргізіледі.
Биопсия диагнозды дәл қоюға ғана емес, емдеу әдісінің тиімді жолын таңдауға және әрі қарайғы емдеу іс-шараларының көлемін бағалауға да мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда биопсияның кең тараған әдісінің бірі — УДЗ бақылауы арқылы орындалатын тері аралық пукнция.
Бұл әдістің де белгілі бір қауіп-қатерлері жоқ емес. Сол себепті урологиялық немесе нефрологиялық бөлімшелерде ғана қатаң көрсеткіштер бойынша орындалады. Сондай-ақ пациенттің мұқият дайындығын қажет етеді.
Қандай жағдайда бүйрек биопсиясын жасауға болмайды?
Науқастың бір ғана бүйрегінің жұмыс істеуі;
Новокайнға аллергияның болуы;
Қан ұйыту жүйесінің бұзылуы (гипокоагуляция, тромбоцитопения, геморрагиялық диатездер);
Бүйрек артериясының аневризмасы;
Бүйрек веналарының тромбозы;
Іріңді перинефрит;
Гидро (пио) нефроз;
Бүйректің қатерлі ісігі;
Бүйректің кавернозды туберкулезі.
https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/60920/?fbclid=IwAR0rtjtCH6Gywlp6-9kvOV5vq8afMFs-aG7DGU-2NWrUflXmnHER1Y9wZaE