Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
+7 (727) 225 09 30, Диагностикалық орталық: (8.00-17.00)
+7 (727) 279-58-59, +7 (727) 279-22-16 Анықтама қызметі (тәулік бойы)
Меню

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

2021 жылғы 15 желтоқсанда А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ашық есік күні өтті.

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-дағы Ашық есік күні қала тұрғындарының салауатты өмір салтын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Орталыққа келушілер біздің жоғары санатты мамандарымыздың (гепатобилиарлық хирург, кардиохирург, кардиолог, ангиохирург, аритмолог, жалпы хирург, торакалды хирург, микрохирург, нефролог, уролог) консультациясын алды. Қарап-тексерулерден соң әрбір науқасқа әрі қарай емделу үшін қажетті кеңес-нұсқаулар берілді.

Өз кезегінде науқастар Орталық дәрігерлеріне алғыс білдірді.