Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
+7 (727) 225 09 30, Диагностикалық орталық: (8.00-17.00)
+7 (727) 279-58-59, +7 (727) 279-22-16 Анықтама қызметі (тәулік бойы)
Меню

Реконструктивтік, пластикалық микрохирургия және ортопедия бөлімшесі

Реконструктивтік, пластикалық микрохирургия және ортопедия бөлімшесі

тел.: 8 (727) 279-22-16, 279-58-59, 279-23-27, 279-59-09 қосымша: 198, 150


Ересектер мен балалардың аяқ-қолындағы күйіктің және үсіп қалудың, туа біткен және жүре пайда болған аномалияларының зардаптарынан реконструктивтік операциялар жасау. Дюпюитреннің контрактурасын хирургиялық емдеу. Кез-келген жерде орналасқан тыртықтарды және тыртық өзгерулерді жою. Эстетикалық хирургия.

Шұғыл көмек көрсету. Реконструктивті хирургия бөлімшесінде диагностикалау мен емдеудің замануи әдістерін қолдануымен жоғары мамандандырылған микрохирургиялық көмек көрсетудің келесі түрлері төменде көрсетілген бағыттары бойынша көрсетіледі:

  • Аяқ-қолының саусақтарын, ірі сегменттерін және де денесінің өзге де бөлшектерін (мұрын, құлақ жағының, жыныс мүшелері және т.б.) толық және толық емес кесілген кезіндегі реплантациялау.
  • Қолының барлық жарақаттары ( нервтерінің, сосудтарының, сіңірлерінің, сүйектерінің оқшауланған және аралас зақымданулары, қолының ауыр жарақаттары ).
  • Қолдарының магистралды сосудтары мен нервтерінің зақымдануы. Аяқтарының магистралды сосудтары мен нервтерінің зақымдануы.
  • Микрохирургия әдістерін емдеуінде қолдануды талап ететін кең кесінді және скальпель тиген жаралары, тіндердің жарақаттан кейінгі ақаулықтары.

 

 

 

Жоспарлы көмек көрсету

  • Зардаптары (мерзімінің ұзақтығы кез-келген дәрежесіндегі) барлық деңгейлердегі қолдарының бүктіретін және ажырататын сіңірлерінің зақымдануы;
  • Зардаптары (мерзімінің ұзақтығы кез-келген дәрежесіндегі) кез-келген аяқ-қолдарындағы сосудтарының және нерстерінің , соның ішінде иық өрімінің зақымданулары;
  • Білек сүйектерінің, саусақтарының, табан сүйектерінің қалыпсыз өсіп кеткен, қалыпсыз түріндегі, сынықтарының және сүйек пен білек сүйектерінің жалған буындарының зардаптары;
  • Ересектер мен балалардың аяқ- қолдарының туа біткен және жүре пайда болған аномалиялары ( саусақтары мен білектерінің болмауы, деформациялануы, синдактилиялары, полидактилиялары және т.б. және аяқ саусақтарынан білегіне, білектен білегіне, бұлшықетті ауыстырып қондыру және т.б. оталар жасау ), соның ішінде аяқ саусақтарынан білегіне, білектен білегіне, бұлшықетті ауыстырып қондыру және т.б. микрохирургиялық ауыстырып қондыру оталарын жасау.
  • Күйік пен үсіп қалудың салдары;
  • Денесінің кез-келген жерлерінің жарақаттан кейінгі ақаулықтары мен деформациялары;
  • Кез-келген дәрежесіндегі Дюпюитреннің контрактурасы;
  • Кез-келген жерде орналасқан тыртықтары және тыртық деформациялары; Тіндерді емдеу үшін микрохирургиялық ауыстырып қондыруын қажет ететін сәуле және трофикалық ойықжаралары;
  • Кисталарда, сондай-ақ денесінің басқа жерлерінде ісік тәрізді пайда болулары;
  • Эстетикалық көрсеткіштері бойынша операциялар кешені орындалады (фейслифтинг, қалқанқұлақтық, блефаропластика, сүт безінің үлкеюі және азаюы, абдоминопластика, липосакция).
  • Операциялар замануи тігу материалдарын және құрал аспаптарын қолдануымен мамандармен жасалады.

Разработано в AlmaWeb