Клиникалық физиология және эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі
Қ.А. Яссауи ат. Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Емдеу факультетінің түлегі (1997 ж.).
1997-1999 жж. – А.Н. Сызғанов ат. ҒХО базасында «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатура.
2000-2008 жж. – А.Н. Сызғанов ат. ҒХО, эндоскопиялық зерттеу әдістері зертханасының дәрігері.
2008-2011 жж. – диагностикалық орталықтың меңгерушісі.
2012 ж. – қазіргі уақыт аралығында – А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО, клиникалық физиология және эндоскопия зертханасының меңгерушісі.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ:
2009 ж. – Республикалық онкологиялық орталықта «Өңеш және кеңірдек аурулары кезінде стенттеу» циклы бойынша мамандандыру курсы (Қазан қ., Татарстан Республикасы).
2011 ж. – профессор Тору Итоның шеберлік сабағы және «жанды» эндоскопия курсы (Канадзава қ., Жапония);
«Ас қорыту жүйесінің эндоскопиясындағы жоғары технологиялар» Х Мерейтойлық Халықаралық Курсы (Ярославль қ., Ресей).
ҚЫЗМЕТ БАҒЫТЫ:
Асқазан-ішек жолы, бауырдан тыс өт жолдары және бронх-өкпе жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи эндоскопиялық әдістерінің барлығын игерген.
30-дан астам ғылыми-практикалық жұмыстың, 5 өнертабыстың авторы. Таяу және қиыр шетелде өткен көптеген ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы.