
ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
Мекенжай: Алматы қ., Желтоқсан к., 62 (№ 2 корпус)
Тел.: 8 (727) 279 99 12, + 7 (702) 714 29 65, nnpost.edu@gmail.com
Дипломнан кейінгі үздіксіз білім беру бөлімінің меңгерушісі
А.Ж. Смаилова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ, қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, медицинаның заманауи жетістіктерін практикалық денсаулық сақтауға енгізу мақсатында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы денсаулық сақтау кадрларының үздіксіз кәсіби білім беруінің модульдік-кумулятивтік жүйесінің принциптеріне негізделген, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен мамандардың қажеттіліктеріне бағытталған біліктілікті арттыру циклдарын өткізеді.
Дайындық ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжат 2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 21847 болып тіркелген.
Біліктілікті арттыру — азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлерінің білімін және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған қосымша кәсіби білім беру циклдары.
«А.Н. СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ»АҚ МЫНАДАЙ ОҚУ ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ:
60, 120, 240 сағат көлемінде 1, 2, 4 апталық біліктілікті арттыру циклдары
«А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Болатбек Бимендеұлы Баймахановтың атына мамандықты, циклды өткізу мерзімін және біліктілікті арттыру ұзақтығын көрсетіп, өтініш жолдаған жағдайда келіп түскен өтінімдердің барлығы қаралады.
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛДАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР:

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 7 (727) 279 99 12
Дипломнан кейінгі үздіксіз білім беру бөлімінің меңгерушісі:
Амаль Жумагазиевна Смаилова
+7 (702) 714 29 65
e-mail: nnpost.edu@gmail.com