Ассалаумағалейкум! Мен Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны Абдикаликов. А есімді емделуші. Ағымдағы 2020жылдың наурыз айының 18і күні жұмыс орным "Ақтөбе мыс компаниясы"-да кезекті вахталық қызметімнің бірінде, күндізгі жұмыс уақтымда биіктіктен құлап, шабымның ортасы ісіп, зәр шығара алмай қалдым. Сол күні кешке дереу Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, олар шұғыл операция жасап, қуығымды тесіп трубка орнатып берді. Болған соң түнімен жедел жәрдем көлігімен Ақтөбе медициналық орталығына(АМЦ) жеткізді. Олар шабыңның ісінуіне байланысты 6 ай көлемінде еш шара қолдана алмайтындықтарын айтты және ол стационар да 12күн жатқызды да үйге қайтарып жібереді. Үйге келісімен сол күні түнде қуығымдағы трубка бітеліп, ауылдың жедел жәрдем көлігімен қайтадан Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, олар маған размері үлкендеу катетер-фолей салып берді. Содан ол ауруханада 20күндей жатып, қайтадан үйге оралдым. Катетерді өзім ауыстыруды үйреніп алдым. Үйімде сол жатқаннан мол жаттым. Оның үстіне нағыз карантиннің қызған шағына тап болдым. Барлық аурухана коронавирустан басқаны қабылдамайды. Ақтармаған сайт қалмады. Осы жағдайммен коронавирус жұқтырып алсам не болды деген қорқыныш тағы бар. Сонымен зорға дегенде 2ай өткенде келінім Алматылық ННЦХ"Сызғанов"тың урологы Ернұр Бақытжановичтың инстаграм парақшасының сілтемесін берді. Дереу Ернұр Бақытжановичқа хабарластым, өте қарапайым екен риза болдым, жағдайымды айттым. Ол кісі маған операция нәтижелі болуы үшін жоқ деген де 4-5ай өтуі керектігін айтты. Арада 4ай өтті, шабымның ісігі қайтты. Өзіміздің Ақтөбедегі НЦУға тағы бір мәрте хабарласып көріп едім, олар әзір қабылдамайтынын айтты. Ол кезде Алматылық НЦУда осылай жабық тұғын. Содан тағы Ернұр Бақытжановичқа хабарластым, ол кісі кел тексереміз деді. Алып ұшып билетімді алып Алматыға ұшып бардым. Ернұр Бақытжановичпен кездесіп, тексертіп, маған пластикалық қиындау операция болайын деп тұр бірақ келісемін десең жасаймыз деді. Содан мен дереу порталға тіркелудің қарекетін жасап, август айының 3 і жатқызылатын болдым. Жаттым және августтың 6 сы Ернұр Бақытжанович пен Жаннұр Мауленович маған 6 сағатқа созылған қиын операция жасады. Операция Аллаға шүкір жақсы өтті. 15күндей жатып шықтым. Айтайын дегенім катетер, мочаприемник пен жүрген 4 ай мен үшін 4жылдай болды. Ауырсынған, дискомфорт пен өткен талай күндер, түндер ден құтқарған бірінші Алла тағалаға, екінші ННЦХ Сызғанов атындағы урология бөлімінің белді уролог мамандары Ернұр Бақытжанұлына, Жаннұр Мәуленұлына, Ислам Құрбанұлына және науқастарға бар мейірімін төгіп, өмірі күліп жүретін, бірінен бірі өткен сұлу медбикелеріне және палатаңда бір түйір шаң тұрғызбайтын тазалаушы тәтелерге алғысым шексіз! Баршасына амандық-саулық тілеймін!

