А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бас дәрігері Асқар Маткеримовке, Гепатопанкреатобилиарлы хирургия және бауырды транспланттау бөлімшесінің меңгерушісі Мақсат Досхановқа, анестезиолог-реаниматолог Жұмағалиға, интерн дәрігер Жанарға, профессорлар Б.Баймаханов пен М.Сейсембаевқа және 3-ші бөлімшенің ұжымына аналық көңіліммен алғыс айтамын. Әсіресе маған ота жасаған, өтімнен бір уыс тас алып, емдеп-жазған емдеуші дәрігерім, бөлімшенің меңгерушісі, жас та болса тәжірибесі мол Мақсат Досхановтың біліктілігі тәнті етті. Алла разы болсын! Қиналған адамға қолұшын созатын ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Берекелі ұжымға денсаулық пен амандық тілеймін! Құрметпен, Ләйлә Балаубаева