Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

1 маусым – Балаларды қорғау күні

Балалардың бауыр трансплантациясы – медицинадағы аса күрделі әрі бірегей оталардың бірі. «А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-да балалар трансплантациясы бағдарламасы профессор Б.Б. Баймахановтың жетекшілігімен 2016 жылы басталған. Сол уақыттан бері бүгінгі таңға дейін Орталықта 45 балаға бауыр трансплантациясы жасалып, олар салауатты өмірге екінші мүмкіндік алды.

2023 жылғы 1 маусымда Орталық Балаларды қорғау күніне орай бауыр фрагментінің трансплантациясын өткерген балалармен кездесу өткізді. Осы кездесудің барысында кешенді тексеру бағдарламасы – check-up және бейінді мамандардың консультациялары жүргізілді.

Сонымен қатар осындай мерейлі мереке күні балалар мен олардың ата-аналарына қолдау таныту, көтеріңкі көңіл-күй, ұмытылмас әсер сыйлау мақсатында қызықты ойын-сауық бағдарламалары өткізілді.

Осындай іс-шараларды ұйымдастыру балалар денсаулығына қатысты мәселелерге Қоғамның назарын аударуға және өмір сапасын жақсарту жолындағы кішкентай науқастарымыз бен олардың ата-аналарының сырқатпен күрестегі айрықша батылдығын танытуға мүмкіндік береді.

Балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын!

Разработано в AlmaWeb