Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Сәуле арқылы зерттеу әдістері бөлімі

Сәуле арқылы зерттеу әдістері бөлімі
Телефоны: 8 (727) 279-22-16, 279-58-59, 279-23-27, 279-59-09, (ішкі: 122, 130, 132)


Бөлім қызметінің негізі – ультрадыбыс, рентгенологиялық пен магнитті-резонансты жабдықтары арқылы диагностикалық зерттеулер жүргізу.

Сәуле арқылы диагностикалау бөлімі 3 құрылымнан тұрады: рентген – кабинеттер, КТ және МРТ – кабинеттері мен УДЗ кабинеттері.

Сәуле арқылы диагностикалау бөлімі тарихи тұрғысынан рентгенологиялық бөлімшесінің негізінде құрылған, аталмыш бөлімше 1946 жылы А.Н.Сызғановтың бастамашылығымен институттың ғылыми құрылымы ретінде ұйымдастырылған.

1986 жылдан бері ультрадыбыс арқылы диагностикалау (УДЗ) құрылымы ретінде қызмет көрсетуде. 1993 жылдан бастап профессор И.Х. Мұхамеджановтың басқаруымен ультрадыбыс арқылы диагностикалау зертханасында ең жаңа диагностикалық аппараттарды сатып алуымен зерттеудің замануи әдістерінің енгізілуі басталды. Қазіргі таңда ішперде құысының және ішпердеде артындағы аумағы органдарын, кіші жамбасының, сүт безінің және қалқанбезінің, үстінгі жұмсақ тіндерінің, плевра құыстарының, көкірекорта органдарының, ұманың, лимфалық түйіндерінің зерттеулері; ішперде құысының, бүйрек трансплантатының, мойын қан-тамырларының, қол-аяқтарының допплерографиясын жүргізеді; түсті допплерлік көрінісін қолдануымен жүректі ультрадыбыс арқылы зерттеуі жасалады (эхокардиография, допплерэхокардиография). Сондай-ақ ультрадыбыс аппаратының бақылауында операция жасау жағдайында азинвазивті хирургиялық араласулар жүргізіледі: бауыр мен бүйрек кисталарының пункциясы, іріңқалталарды, қалдық құыстарының пункциясы мен кәріздеуі жасалады; бауырасты құысында жалқық жасалады; тері арасында бауыр арасындағы холангиостомия, холецистостомия, диагностикалық биопсия, эхокардиография арқылы бақылауда окклюдермен ДМПП рентген-эндоваскулярлық жабу, сонымен қатар интраоперациялық ультрадыбыс арқылы зерттеулер.

1999 жылдан бастап м.ғ.д. Е.А. Ахметовтың басқаруымен компьютерлік томография және магнитті-резонансты томография (КТ және МРТ) кабинеттері қызмет көрсетуде. Өкпе, көкірекорта, бүйрек, бауыр және өтшығу жолдарының, магистралды қан-тамырларының және т.б. ауруларының дигностикалауын жақсарту үшін МРТ мен КТ қолдануы бойынша зерттеудің түрлі әдістері жүргізілуде. Ең жаңа диагностикалық технологиялар: мультиспиралды компьютерлік томографиясы кезінде көрсетудің үшмөлшерлі құрылғысы, виртуалды бронхоскопия, виртуалды колоноскопия, контрасты емес ангиографиясы, қан-тамырлардың және жүректің, бас миінің және бас кемігінің, омыртқасының, кіші жамбасы органдарының, лор патологиясының МРТ мен КТ-диагностикасы үнемі енгізіліп, жетілдіріліп тұрады.

Кеуде, ішперде құысы органдарында жаңадан пайда болған өсінділерін және қан-тамырлы ауытқыларын саралап, диагностикалау үшін автоматты инжектері арқылы контрастты затты енгізуімен (болюсті енгізу) МСКТ, КТ-аорто- және ангиографиялау зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді.


Тексерілу және маманның қабылдауына алдын ала жазылу мәселелері бойынша мына телефон нөмірлері арқылы жүгінуге болады:
Сall-центр: +7 (727) 279 22 84, 279 22 40, 279 95 22, 279 22 72

Разработано в AlmaWeb