Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

«Медико-Инновациялық Технологиялар» компаниясы отандық хирургияның флагманы «А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығына» заманауи жабдықталған ота бөлмесін сыйға тартты

Бүгін «А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-да жоғары технологиялық оталарды жүргізуге арналған жаңа ота залдарының ашылу рәсімі өтті. Бұл оқиға екі ота бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның бірін заманауи жабдықтармен жасақтаған «Медико-Инновациялық Технологиялар» компаниясының өтеусіз көмегінің арқасында жүзеге асты.
Орталықтың Басқарма төрағасы Б.Б. Баймаханов пен «Медико-Инновациялық Технологиялар» компаниясы Бақылау кеңесінің Төрағасы М.Д. Гутерман ота залын салтанатты түрде ашты.
80 жылға жуық уақыт А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ағзалар трансплантациясын қоса алғанда, хирургияның барлық бағыты бойынша үздік әлемдік тәжірибеге негізделген күрделі оталар жасалып келеді. Орталықта Қазақстандық, таяу және қиыр шетелдік науқастарға жыл сайын шамамен 8000 ота жүргізіліп, 200 000-ға тарта диагностикалық қызметтер көрсетіледі.
Жаңа ота бөлмелері және заманауи жабдық Орталықта жүргізілетін оталардың саны мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық техниканы өндіру барысында қолданылған озық әзірлемелер хирургиялық емнің мүмкіндік аясын кеңейтіп, ем-шаралардың қауіпсіздігін жоғарылатады. Жабдықтардың қолданысқа қолайлы болуының арқасында ота бөлмесіндегі қызметкерлердің жұмыс жағдайлары да жақсара түседі.
Ота бөлмелерінің ашылуымен қатар, іс-шара қатысушылары үшін Mindray компаниясы – медициналық техниканы өндірушінің өкілдері жабдықтардың мүмкіндіктерін таныстырып, workshop өткізді.
Жаңа ота бөлмелерінің ашылуы Орталықтың республика халқының денсаулығын сақтау және жақсарту жөніндегі миссиясын жүзеге асырып, Орталықтың Қазақстандағы көшбасшы орнын нығайта түсуге өз үлесін қосады.

em>

Разработано в AlmaWeb