Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
<!--Тел.: +7 (727) 279 22 84; 279 22 40; 279 95 55-->
<!--Тел./факс: +7 (727) 279 95 05-->
Меню

2024 жылғы 7 маусымда «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-да «Эндоскопиялық түтікті гастропластика (ESG)» бойынша профессор Erdem Akbal-дың (Түркия) қатысуымен шеберлік сабағы өтті

2024 жылғы 7 маусымда «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-да «Эндоскопиялық түтікті гастропластика (ESG)» бойынша профессор Erdem Akbal-дың (Түркия) қатысуымен шеберлік сабағы өтті.
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 60 жуық дәрігер офлайн, 60 дәрігер онлайн қатысты.
Шеберлік сабағы аясында артық салмағы бар 3 науқасқа ота жасалды.

Эндоскопиялық түтікті
гастропластика (ESG) – артық салмақпен күресуге арналған жаңа манипуляция. Ол «Apollo Overstitch» деп аталатын заманауи құрылғының көмегімен ауыз қуысы арқылы жүргізіледі.
Бұл манипуляция – азинвазивтік, гастроскопия арқылы орындалады, осылайша хирургиялық асқынулар қатерін төмендетеді.
Эндоскопиялық түтікті
гастропластика асқазанды кішірейтіп, салмақ тастауға көмектесу үшін, сонымен қатар рефлюкстік ауру, жүрек аурулары және инсульт, жоғары қан қысымы, ұйқыдағы апноэ, 2-типті қант диабеті және түрлі
остеопороздық мәселелер секілді кейбір аурулардың салдарынан орын алуы мүмкін қайталама семіздік қатерін азайту мақсатында орындалады.

Бұл іс-шара дәрігерлердің өзара тәжірибе алмасып, эндоскопия саласы бойынша өз білімдерін жетілдіруге ықпал етті.

Разработано в AlmaWeb