«А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО » АҚ-да 2024 жылғы 10 қыркүйекте Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор Б.Б. Баймахановтың басшылығымен және үздік трансплантологтар тобының қатысуымен тірі туыстық донордан 300-бауыр трансплантациясы жасалды.
⠀
Реципиент – дельта-агенттің анықталмаған мәртебесі бар, “В” СВГ салдарынан туындаған бауыр циррозы. MELD-Na = 8 балл, СТР бойынша В санаты. Өңеш КВК-дан қайталама қан кетуі арқылы асқынған, 2 дәр. өңеш көктамырларының варикоздық кеңеюі. 02.2024 ж. ӨКВК-ны лигирлеуден кейінгі жай-күй диагнозы қойылған 44 жастағы науқас. Донор – ұлы.
⠀
Ота штаттық режимде жасалды, отадан кейінгі кезең асқынуларсыз өтті. Донор отадан кейінгі 9 тәулікте, реципиент 20 тәулікте үйге шығарылды.
⠀
Бауыр трансплантациясынан кейінгі өміршеңдік: жылдық – 85,5%; бес жылдық – 78,2%; он жылдық 75%-ды құрайды.
⠀
«А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ – елімізде ғана емес, оның аумағынан тыс аймақтарда да трансплантация саласындағы жетекші позицияға ие медициналық ұйымдардың бірі.
Global Observatory on Donation and Transplantation деректеріне сәйкес, 2023 жылы тірі донордан бауыр трансплантациясы бойынша Қазақстан 1 миллион халыққа 2,1 көрсеткішпен 10-ға орынға тұрақтады, бұл – «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ мамандарының жоғары білікті жұмысының нәтижесі.