Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына Резидентурада білім беру үшін конкурстық қабылдау жариялайды

«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ  Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мына мамандықтар бойынша 2025-2026 оқу жылына Резидентурада білім беру үшін конкурстық қабылдау жариялайды:

  1. 7R01119 – «Ангиохирургия (ересектер, балалар)»                  4 жыл
  2. 7R01117 – «Анестезиология және реаниматология                3 жыл

(ересектер, балалар)»

  1. 7R01110 – «Кардиология (ересектер, балалар)»                      3 жыл
  2. 7R01118 – «Кардиохирургия (ересектер, балалар)»                4 жыл
  3. 7R01190 – «Нефрология (ересектер, балалар)»                       2 жыл
  4. 7R01136 – «Жалпы хирургия»                                                   3 жыл
  5. 7R01114 – «Радиология»                                                            2 жыл
  6. 7R01152 – «Патологиялық анатомия»                                      2 жыл
  7. 7R01122 – «Пластикалық хирургия  (ересектер, балалар)»    4 жыл

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:

050004, Алматы қ., Желтоқсан к., 62, 2 қабат

Дипломнан кейінгі үздіксіз білім беру бөлімі

Жұмыс уақыты:дүйсенбі-жұма, сағат 08.00 – 17.00 аралығы

Түскі ас: сағат 13.00 – 14.00 аралығы

Қажетті құжаттар тізімі №1 қосымшада ұсынылған.

Құжаттарды қабылдау, емтихан өткізу және оқуға қабылдау мерзімдері:

Өтініштерді қабылдау–2025 жылғы 03 – 25 шілде

Қабылдау емтихандары  – 2025 жылғы 07 – 15 тамыз

Оқуға қабылдау – 2025 жылғы тамыз айы

Жұмыс телефоны: +7 (727) 279 99 12;

Электронды мекенжай: nnpost.edu@gmail.com

№1 Қосымша

Қажетті құжаттар тізімі:

Резидентураға түсетін тұлғалар 2025 жылғы 03-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады:

  1. Басқарма төрағасының атына өтініш;
  2. Денсаулық сақтау саласындағы бакалавр дәрежесін беру туралы

диплом және дипломға қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі қосымшалар (түпнұсқа және көшірмелер);

  1. Дәрігер біліктілігін беру туралы диплом және дипломға қазақ,

орыс және ағылшын тіліндегі қосымшалар (түпнұсқа және көшірмелер);

  1. Интернатураны бітіргені туралы диплом мен куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі  (қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі диплом қосышаларының түпнұсқасы және көшірмелері); 
  2. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі

(болған жағдайда);

  1. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін

түпнұсқасы);

  1. Еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда) (салыстыру үшін

түпнұсқасы);

  1. Өлшемі 3×4 сантиметр екі фотосурет;
  2. 075-у медициналық анықтама
  3. Білім беру ұйымы деканының қолы мен мөрі арқылы куәландырылған

интернатурадағы қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің («Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ (ҰТЕО) өткізетін тестілеу) нәтижесі.

Егер интернатураны бітірген жылы тестілеу өткізілмеген болса, онда оқуға тапсырушы қабылдау комиссиясына құжаттарды өткізбей тұрып ҰТЕО-да «Жалпы медицина» / «Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша тест тапсыруы тиіс.

  1. Ғылыми жарияларымдарының бар екенін растайтын құжаттар;
  2. Резидентурадағы оқуы біткеннен кейін жолдама бойынша үш жыл бойы Мемлекеттік грантты өтеуге келісімі;
  3. TOEFL және IELTS сертификаттары, мерзімі жарамды болса.

Өзімен бірге тігіндегіш, кішкентай конверт және 3 файл болуы тиіс.

Разработано в AlmaWeb