Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

ТМККК

Диагностикалық зерттеулерге дайындау тәртібі рентгенологиялық зерттеулерге дайындау ережелері ИРРИГОСКОПИяны орындау үшін пациенттерді дайындау Емдәм

Емшараға дейін бір күн бұрын кез- келген тамақ ішуден бас тартқан жөн.Бір тәулік бойы газсыз, құр таза су ішу керек ( түрлі шырын, сусындар, шәй, кофе тұиынуға тыйым салынады). Бір тәулікте ішкен суының мөлшері 2 – 3 литрді құрау керек. Бір тәулік бойы ашығу арқылы емдәм шарасын қолдану – тиісті емшара кезінде жақсы көрінуін қамтамасыз етудің тек қажеттілігі ғана емес, сондай-ақ жалпы бүкіл ағза үшін пайдалы.

Клизма жасауға дайындау
Клизма жасау үшін (Эсмарх саптыаяғы) мен (35-37ºС) жылу су қажет. Тазартуды емшара басталуына дейін 5-6 сағат бұрын бастау керек. Ирригоскопия шарасын жасау таңртеңге тағайындалған болса, бір күн бұрын кешкісін клизма жасау қажет. Эсмарх саптыаяғын сумен толтырыңыз. Клизма жасау барысында аурытпай, түтік оңай ену үшін, түтіктің ұшын вазелинмен немесе креммен майлау керек. Түтікті анусқа асықпай енгізіңіз, ішек жолдарына су бару үшін, қақпақшаны ашыңыз. Бірінші рет клизма жасаған кезде саптыаяққа 1,5 – 2 литр судың мөлшерінен бастаған жөн. Ішек жолдарына суды енгізгеннен кейін, аяқтарын бүгіп, 5-7 минуттай бір жағымен жату керек, кейін басқа жағына аударылып жату керек. Клизма шарасы барысында ішекке құйылған суы тазарғанға дейін бірнеше рет жасау керек. Таза судың орнына шөптерден (түймедақ шөбінен) ерітінді жасап сумен араластырып қолдануға болады. Егерде клизма емшарасын жасауға қарсы көрсетілімдері болса (геморрой, ішек қабынуы және т.б. проблемалары болған жағдайда), тоқішекті тазартудың өзге де тәсілдерін қолданған жөн. Фортранс препаратын дайындау шарттары
Препараттың мөлшерін дұрыс есептеу үшін, өз салмағын 25 ке бөлу керек, сонымен клизмаға қажетті пакетиктер (сашелер) санын алуға болады. Әрі қарай 1 литр суға 1 саше (пакетик) есебімен ерітінді дайындалады. Әзірленген ерітіндіні әр 15 минут сайын 1 стакан схемасы бойынша ішіп тұрады. Ерітіндінің дәмін жақсарту үшін цитрус жидектерін қоюысыз қосуға болады.

Дәрігердің тағайындауы бойынша қабылданады.

Тұтынуға дейін нұсқауымен мұқият танысып шығыңыз!

БҮЙРЕКТІҢ кеңейтілген РЕНТГЕНОГРАФИясфияына, венаішіндегі урографиясына дайындық

Зерттеуге дейін 1 – 2 тәулікте: рационынан газ түзетін тағам түрлерін алып тастау: нан, сүт, бұршақ тұқымдастар, алма, жүзім. Метеоризм кезінде тәулігіне 3 рет — түймедақ тұнбасы.
Зерттеу барысында: тәуліктің екінші жартысынан сұйықтықты қабылдауды шектеу.
Зерттеу барысында таңертең және кешке: тазартатын клизма.
Зерттеу күні: Зерттеу процедурасының орындалуына дейін су және тамақ ішуге болмайды.

Егер де сіз тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдайтын болсаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Зерттеу алдында: дымқылдануға кеңес беріледі.

БЕЛ ОМЫРТҚАНЫҢ СЕГІЗКӨЗ БӨЛІГІН РЕНТГЕНОГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ

Тексерілуден 3 күн бұрын барлық тағамдарды тыю керек, аш ішекте жоғары деңгейдегі іштің желденуін тудыратын тағамдардан бас тарту керек ( қара нан, картоп, сүт, қырыққабат)

Науқас іштің желденуіне жиі шағымданса, осы уақытта қосымша белсендірілген көмірді ішу ұсынылады (2-3 таблеткадан күніне 3 рет) немесе Эспумизан. Бел омыртқаның сегізкөз бөлігінің рентгенографиясына 2-3 күнге дейін науқасқа валериан тамырын ішу ұсынылады. Жасы үлкен адамдарға әдетте препаратты тәулігіне 3 рет 15-20 тамшыдан ішу тағайындалады. Ем қабылдаудан 1 күн бұрын кешкі тамақты 19 00 ден кеш ішілмеуі керек. Тексерілу уақытының алдында кешке тазартқыш клизма жасалады. Таңертең тексерілуге дейін қайталауы керек. Тексерілу күні науқас ештеңе ішіп, жемеуі керек. Темекі шегетіндерге темекіден бас тарта тұруы керек.

ІШ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БҮЙРЕКТІҢ ЖӘНЕ ЖАМБАСТЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ

Томография өтер уақытында асқазан-ішек жолы толығымен босатылуы қажет. Диагностика ашқарынға жүргізіледі, егер ол:

Венаішілік контрасттау мен КТ-ға дайындау:

КТ-ангиографиясында рентген сәулелері қолданылатынын есептегенде, тамырға контраст жарығы енгізіледі. Бұл процедураның белгілі бір қаупі мен асқынулары болуы мүмкін.

КТ зерттеу жүргізілерде әйел пациенттер диагностиканың асқынуларын алдын алу үшін жүкті болса немесе ана сүтімен қоректендіретін баласы (яғни, контрастты препарат ана сүті арқылы шығарылуы мүмкін) болса дәрігерге хабарлау керек. Контрасттың балаға кері әсерін болдырмау үшін анасы тексеруден өткеннен кейін бірнеше күн, организмнен контраст толығымен шығарылғанша, қосымша, жасанды сүт арқылы қоректендіруі керек және ана төсіндегі сүтті сыздықтатып ағызып алу арқылы сауып алуы керек.

Сонымен қатар, пациент дәрігерге хабарлауы керек:

Зерттеу алдында

Бағалы бұйымдарды, металл заттарды үйге шешіп, тастап кету керек

Емшара барысында

Томограф үстеліне пациент қозғалмай жатуы талап етіледі. Шынтақтық венаға контрастты затты енгізу үшін канюля орнатылады. КТ ангиографиясы барысында пациентке жүрек жиырылуын сирететін бета-блокаторды қабылдау сұралады. Компьютерлік томографтың жұмысы толықтай автоматтандырылған, пульт арқылы басқа бөлмеден қадағаланады. Зерттеу барысында дәрігер пациентті арнайы терезе арқылы бақылап, онымен таңдамалы байланыста болады. Аппарат іске қосылғаннан кейін пациентке томографтың шуылы мен тырсылы естілуі мүмкін, бұл дыбыстар аппарат сканерлеп жатқан кезде шығады. Зерттеуді жүргізіп жатқан рентгенолог дәрігер жұмыс барысында пациенттен бірнеше уақытқа демін ұстауын сұрайды.

Зерттеуден кейін

Контрастты препаратты ағзадан тезірек шығару үшін күніне 3-4 литр сұйықтық ішу ұсынылады.

Контрасттаумен қатар МРТ-ға дайындау

Радиолог-дәрігер дұрыс әрі дәл қорытынды жасау үшін және МРТ түсірілімі анық көріну үшін кеуде қуысының органдары алдын ала жақсы дайындалған болуы керек.

Пациент қозғалыс анық көрінетін ыңғайлы металл элементтерінсіз киімде болуы керек.

Көкбауырды, ұйқыбездіжәне бауырды зерттеуден 2-3 бұрын көмірсусыз диета тағайындалады.

Зерттеуден бір тәулік бұрын рационнан газды сусындарды, кофе, шай, көкөніс, жеміс, қара нан және газ мөлшерін көбейтетін тағамдарды алып тастау керек.

Кеуде қуысының МРТ-сын жүргізер алдында 7-8 сағат бойы тамақтанбау керек. Газ пайда болуының алдын алу үшін «Эспумизан» , белсендірілген көмір сияқты препараттар қабылдау керек.

Ал зерттеуден 4-5 сағат бұрын сұйықтықтар қабылдаудан аулақ блолу керек.

Емшара басталуына жарты сағат қалғанда «но- шпа» сияқты тыныштандыратын дәрі қабылдау керек.

АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ

Тексеріске 1-2 күн қалғанда тамақ рационынан көкөністерді, жемістерді, шырындарды,қара нан мен сүт өнімдері сияқты іштің желденуіне әкелетін тағамдарды алып тастау керек. Зерттеу міндетті түрде аш қарынға жүргізіледі, ас қабылдау мен сусындар ішу – зерттеуге 12 сағат қалғанда тоқтатылуы қажет. Егер зерттеу таңғы уақытта болмаса немесе науқаста инсулинтәуелді қант диабеті болса, онда қантсыз шай мен кептірілген ақ нанды тағамға қосуға болады.

НАУҚАС ӘЙЕЛДЕРДІҢ КІШІ ЖАМБАС МҮШЕЛЕРІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ҚУЫҚАРАЛЫҚ АКУСТИКАЛЫҚ ӘЙНЕКТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Тексеріске 1-2 күн қалғанда тамақ рационынан көкөністерді, жемістерді, шырындарды,қара нан мен сүт өнімдері сияқты іштің желденуіне әкелетін тағамдарды алып тастау керек.

Зерттеуге 1 сағат қалғанда сусынды шамамен 1 литрдей ішу керек. Зерттеу толық қуыққа жасалады. Циклдің кез келген фазасында, кейбір көрсеткіштер бойынша белгілі бір фазаларда жүргізіледі.

НАУҚАС ӘЙЕЛДЕРДІҢ КІШІ ЖАМБАС МҮШЕЛЕРІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ТРАНСҚЫНАПТЫҚ ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Зерттеуді бос қуыққа жасайды. Онымен қоса, зерттеу алдында жыныс мүшелерін гигиеналық тазалау қажет.

ҚУЫҚ ПЕН ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ( ҚУЫҚАРАЛЫҚ АКУСТИКАЛЫҚ ӘЙНЕКТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Зерттеуге 1 сағат қалғанда сусынды шамамен 1 литрдей ішу керек. Зерттеу толық қуыққа жасалады.

ҚУЫҚ ПЕН ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ТРАНСРЕКТАЛДЫ ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Зерттеу күні таңертең тазартқыш клизманы жасау қажет.

МАММОГРАФИЯ

Етеккір циклі басталғаннан кейін 8-10-күнге жасалады.

ТАМЫРЛАРДЫ – ҚҰРСАҚ АОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРАУЛАРЫН, ТӨМЕНГІ ҚУЫҚ ВЕНАСЫН (ТҚВ) ЖӘНЕ ЦДК-МЕН БҮЙРЕК ТАМЫРЛАРЫН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ

Зерттеуге 3 күн қалғанда іш кебуді және ішектегі газ жиналуды болдыратын тағамдарды (сүт, қара нан, картоп, орамжапырақ, жүзім, алма, бұршақ тұқымдастар және т.б.) рационнан алып тастау керек. Зерттеу күні эспумизанды күніне 3 рет тамақтану кезінде 2 капсуладан және таңертең ашқарынға 4 капсула немесе белсендірілген көмірді күніне 3 рет 2 таблеткадан ішу керек. Зерттеу- ашқарынға жасалады.

БАС ПЕН МОЙЫН ТАМЫРЛАРЫН, ШЕТКІ БӨЛІМ АРТЕРИЙЛЕРІНІҢ БАС ПЕН МОЙЫНҒА ДУПЛЕКСТІ СКАНЕРЛЕУІН, ШЕТКІ БӨЛІМ АРТЕРИЯЛАРЫН УДЗГ-ҒА ДАЙЫНДАУ

Зерттеу – тамырларға арналған дәрілік заттарсыз (гипотензивті, тамыркеңейткіш, спазмолитиктер) жүргізіледі. Зерттеуге 6 сағат қалғанда ерекше көрсетулер болмаған жағдайда, аталған дәрілерді қолдануды тоқтату керек.

Егер сіз белгілі-бір дәрі-дәрмектерді үнемі ішсеңіз, онда дәрігермен кеңескен абзал.

СТРЕСС-ЭХОКАРДИОГРАФИЯ ЖАСАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Зерттеуге 24 сағат қалғанда нитраттар тобы мен β-блокаторлар сияқты дәрілік заттар қолданылмайды.
Өзімен бірге бір тәуліктен аспаған «жаңа» ЭКГ болуы қажет.

ЭКГ мен ЭЕМ-нің холтерлік мониторингі болуы керек (егер зерттеу мәліметтері тіркелсе).
Егер сіз белгілі-бір дәрі-дәрмектерді үнемі ішсеңіз, онда дәрігермен кеңескен абзал.

ӨҢЕШТІҢ ЭХОКАРДИОГРАФИЯСЫН ЖАСАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Өңештің патологиялық тарихында өңештің ЭхоКГ-не дейін болса, онда фиброгастроскопия немесе контрастирлеумен бірге өңеш рентгеноскопиясын жасау қажет. Зерттеу жасалатын күні 8 сағат қалғанда сусын мен тағамды ішпеу керек, яғни зерттеу ашқарынға жасалады.

Өңештің ЭхоКГ-сы алдында өңеште арнайы құрылғының болуына байланысты ауырсынуды максималды басу үшін медикоалды шаралар жасалынады:

1.Бұлшықетке құсуға қарсы Церукал деген дәрі енгізіледі;
2. Қажет жағдайда седативті әсер ететін сибазон, реланиум сияқты дәрілер пайдаланылады.

ТРЕДМИЛ ТЕСТІН ӨТКІЗУ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН ДАЙЫНДЫҚ

Тексеріс алдында науқасқа алдымен диагностиканың басқа түрлерінен өту керек, мәселен, ЭКГ, холтерлік (1 тәулік) ЭКГ мониторингі, жүректің УДЗ-ы.
Зерттеуге бір тәулік қалғанда дәрігердің рұқсатымен ЖСЖ-не әсер ететін және коронарлы қантасымалдауды жақсартатын ( β-адреноблокаторлар, нитроглицерин және оның аналогтары) дәрмектерді пайдаланбайды.

эндоскопиялық зерттеулерге дайындық ережесі

колоноскопияны орындау үшін пациенттерді дайындау

Фортранс дәрі-дәрмегімен ішекті дайындау клизмасыз колоноскопияға дайындықтың маңызды стандарты болып саналады. Фортранстың орнына Лавакол немесе Флит фосфо-сода дәрі-дәрмектерін қолдану мүмкін.
Дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауымен қолданылады.
Қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз!

Зерттеуге дейін 3 күн алдын: қалдықсыз емдәм ұстану.
Зерттеуге дайындық күні эндоскопия қарсаңында: түссіз сұйықтықтарды күні бойы шексіз мөлшерде ішу.
18.00-20.00: Фортранс 2 л (1 қапшық 1литр суда сұйылтылады, сұйықтықтың мөлшерін азайтуға болмайды). Ерітіндіні әр 15 минут сайын 250 мл-ден бірте-бірте ішкен жөн.
Ерітіндіні қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң ауыртпалықсыз сұйық дәрет пайда болады. Фортранстың соңғы мөлшерінен кейін 2-3 сағаттан соң ішектің босауы түссіз немесе аздап боялған сұйықтықтың бөлінуімен аяқталады.
19.00: Эспумизан дәрі-дәрмегінің 30 мл
Зерттеу күні:
5.30-7.30: Фортранс 2 л
6.00: Эспумизан 30 мл (сумен ішуге болады).
Фортрансты қабылдауды зерттеудің басталуына дейін 3-4 сағат алдын аяқтау ұсынылатындағын есте сақтау маңызды!
Егер колоноскопия таңертеңге тағайындалған болса, онда дайындық 14.00-ден кешіктірілмей Фортрансты қабылдаудың басталуы қарсаңында жүргізіледі, 4 л ерітіндінің барлығын ішу қажет.
Фортрансты қабылдау барысында жүру, денемен айналмалы қозғалыс және іштің алдыңғы бөлігіне жеңіл массаж жасау ұсынылады. Дәмін жақсарту үшін жұмсақ етсіз цитрус шырынын ерітіндіге қосуға болады.

ЭЗОФАГОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИяға, БРОНХОСКОПИяға, ЭРПХГ-ға пациенттерді дайындау

Зерттеу қарсаңында соңғы тағамды қабылдау сағат 18-19.00-ден кешіктірілмеу ұсынылады, зерттеу күні ештеңе ішуге және жеуге болмайды (соның ішінде және таблеткалық дәрі-дәрмектерді де), шегуге болмайды. Зерттеу аш қарынға жүргізіледі.
Егер сіз үнемі қандай да бір дәрі-дәрмектерді қабылдайтын болсаңыз, өз дәрігеріңізбен ақылдасыіыз.

РЕКТОСКОПИяны және АНОСКОПИяны жүргізуге пациенттерді дайындау

Зерттеуді жүргізуге дейін бір тәулік бұрын қалдықсыз емдәм ұсынылады.
Кеш қарсаңында микроклизма орындалады: Микролакстың 1шприц-тюбигі. Таңертең зерттеу күні: Микролакстың 1шприц-тюбигі. Микролаксты қабылдағаннан кейін тоқ ішектің сол жақ жартысы құрамындағысынан жақсы босап, тік және сигматәрізді ішекті егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ колоноскопия үшін Фортранс, Лавакол, Флит фосфо-сода дәрі-дәрмектерімен дайындық мүмкін.
Дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауымен қолданылады.
Қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз!

Разработано в AlmaWeb