Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

«Қалқанша безінің радиожиіліктік абляциясы» шеберлік сабағы

А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында «Қалқанша безінің радиожиіліктік абляциясы» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабақты Корея Республикасы, Юнсей (Yonsei University Korea), ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, интервенциялық хирург, Моңғолиядағы қатерлі ісікті емдеу Орталығының меңгерушісі Dr. Purevbaatar Bat-Ireedui (Иредуй Пурэ) өткізді. Шеберлік сабақ барысында ІІ дәрежелі түйінді жемсау деген бойынша 2 ота жасалды. Науқастар ота жасалғаннан кейінгі 2-тәулікте қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

Радиожиіліктік абляция деген не?
Радиожиіліктік абляция – емдеудің жаңа және тиімді мүмкіндіктерін ұсынатын минималды инвазиялық радиологиялық әдіс. Ол қатерсіз түйіндерді емдеуге өте қолайлы. Пациентке хирургиялық отаның қажеті жоқ, әдетте хирургиялық отадан кейін ауруханада қалуға тура келетіні белгілі.

Қалқанша безі түйінінің термоабляциясын жасау кімге ұсынылады?

Бұл әдіс арқылы қатерсіз түйіндерді ғана алып тастауға болады.
РЖА арқылы алып тастау қажеттілігі бар түйіндерді ғана жоюға болады, алайда науқас қандай да бір себептермен оларға ота жасата алмайды немесе жасатқысы келмейді.
Қолайсыздық туындататын түйіндер — дауыс желбезегін және/немесе өңешті қысып, ауыртып, жайсыздық тудыратын және т.с.с.
Сыртқа шығып тұратын және косметикалық ақау тудыратын түйіндер.
Зат алмасуының бұзылыстарын туындататын түйіндер.
Қалқанша безінің қатерлі ісігі қайталанатын болса, яғни ота жасалған безде жаңа түйіндер болады, оларға қайта ота жасау қиынға соғады.
Ұтымды тұстары:
· Радиожиіліктік емшара қалқанша безінің қызметінің белсенділігін төмендетпейді — бұл хирургиялық отамен салыстырғандағы басты артықшылық.
· Тыртықтар, көлемді тіліктер қалмайды. Көзге шаншылған иненің орны ғана көрінеді.
· Емшара күндізгі стационарда жүргізіледі, науқас бірнеше сағаттан кейін үйіне қайта алады.
Қорытынды: Ультрадыбыс арқылы басқарылатын радиожиіліктік абляция — қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудегі тиімді әрі қауіпсіз, хирургиялық емес әдіс. Сондай-ақ хирургиялық отаның баламасы. Радиожиіліктік абляциядан кейін асқынулар да жиі байқала бермейді.

Разработано в AlmaWeb