Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Функционалдық диагностикалау бөлімшесі

БөлімБөлімшенің қызметкерлері

Функционалдық диагностикалау бөлімшесі
Тел.: 8 (727) 279-22-16, 279-58-59, 279-23-27, 279-59-09 (ішкі: 200,136)


Бөлімшенің негізгі қызметі – асқазан -ішек жолдарының, тыныс алу органдарының , жүрек пен қан-тамыр ауруларына шалдыққан пациенттерді диагностикалау және емдеу.

Бөлімшеде асқазан мен ұлтабардың ойықжарасын, гастроэзофагеалды рефлюксті ауруын, кардиоспазмды, ахалазия кардияны, диарафграманың өңеш тесігінің жылауықты, түрлі этиологиясындағы өңештің түйнелуін, рефлюкс-эзофагит, ота жсалған өңеш пен асқазан ауруларын, өңештің бүйірқалталарын, өңештің жыланкөз ауруын, өңештік- респираторлық жыланкөздерді, өңештің, асқазанның ұлтабардың қатерлі және қатерсіз ісіктерін емдеу; асқазан- ішек жолдарының қатерсіз өсіндіктерін, тоқ ішектің ауруларын, тыныс алу органдарының барлық патологиясын хирургиялық емдеу.

Бауырдан тыс өтшығу жолдарының ауруына байланысты хирургиялық араласулар жасалады:

  • Эндоскопиялық ретроградты панкреатикохолангиография;
  • дуоденалды емізекте эндоскопиялық араласулар – папиллосфинктеротомия;
  • бауырдан тыс өтшығу жолдарынан конкременттердің ұсақтау және алу; * тыртық пен ісік тарылысың эндоскопиялық емдеу;
  • гидробаллонар мен стенттер арқылы гепатикохоледоха.

Зертханада гастроэнтерологиялық пен бронх пен өкпе ауруларын диагностикалау мен емлеуде мол тәжірибе жинақталған. Өңеш тарылысы мен тарылуының эндоскопиялық дилатациялауы (кеңейтілуі) жасалады, қан кету кезіндегі эндоскопиялық гемостаздың әдістері, АІЖ бөгет заттарын алып тастау, өңештің варикозды кеңейтілген тамырларын беріштенуі мен лигирденуі, тері арасынан эндоскопиялық гастростомды салу, колоноскопия, трахеобронхиалды тармақтарының және өкпенің ауруы кезінде ригидті және фибробронхоскопия жасау.
Бронхологиялық әдістер өкпенің созылмалы спецификалық емес ауруларын диагностикалау мен емдеуде кеңінен қолданылады: (бронхоэктатикалық ауру ; өкпенің абсцесстері мен іріңдеген кисталары; трахеобронхиалды тармақтар мен өкпенің гипоплазиясы; бітеліс бронхиттер мен бронхиалды ентікпе; кеңірдек пен бронхтардың экспираторлық тарылулар; операциядан кейінгі ателектаздар, қан кету, плевраның жыланкөзі мен эмпиемалары ; кеңірдек пен бронхтардың асқыну тарылулары. Дәстүрлі құрал- аспаптармен қатар ісіктер мен тыртық түйіршіктердің кеңінен диатермокоагуляция қолданады.

Түрлі этиологиясындағы оның тарылыстары кезінде өз- өзін кеңейтетін өңешті стенттілеу, сондай- ақ өтшығу жолдарын стенттілеу әдісі енгізілген және белсенді қолданады. Бөлімше соңғы буынындағы Olympus, Pentax фирмаларының бейнеэндоскопиялық пен фиброволоконнооптиялық аппаратурасымен жасақталған.
Велоэргометрдегі жүктемесімен ЭКГ, ЭКГ жасалады, Холтер бойынша ЭКГ тіркеледі.

Зертханада гастроэнтерологиялық пен бронх пен өкпе ауруларын диагностикалау мен емлеуде мол тәжірибе жинақталған. Өңеш тарылысы мен тарылуының эндоскопиялық дилатациялауы (кеңейтілуі) жасалады, қан кету кезіндегі эндоскопиялық гемостаздың әдістері, АІЖ бөгет заттарын алып тастау, өңештің варикозды кеңейтілген тамырларын беріштенуі мен лигирденуі, тері арасынан эндоскопиялық гастростомды салу, колоноскопия, трахеобронхиалды тармақтарының және өкпенің ауруы кезінде ригидті және фибробронхоскопия жасау.
Бронхологиялық әдістер өкпенің созылмалы спецификалық емес ауруларын диагностикалау мен емдеуде кеңінен қолданылады: (бронхоэктатикалық ауру ; өкпенің абсцесстері мен іріңдеген кисталары; трахеобронхиалды тармақтар мен өкпенің гипоплазиясы; бітеліс бронхиттер мен бронхиалды ентікпе; кеңірдек пен бронхтардың экспираторлық тарылулар; операциядан кейінгі ателектаздар, қан кету, плевраның жыланкөзі мен эмпиемалары ; кеңірдек пен бронхтардың асқыну тарылулары. Дәстүрлі құрал-аспаптармен қатар ісіктер мен тыртық түйіршіктердің кеңінен диатермокоагуляция қолданады.


Тексерілу және маманның қабылдауына алдын ала жазылу мәселелері бойынша мына телефон нөмірлері арқылы жүгінуге болады:
Сall-центр: +7 (727) 279 22 84, 279 22 40, 279 95 22, 279 22 72

Разработано в AlmaWeb