Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

2024 жылғы 17-18 маусымда Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-да Қазақстан Республикасының бас хирургы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Болатбек Бимендеұлы Баймахановтың қатысуымен шеберлік сабағы өткізілді.

М.ғ.д., профессор, ҚРҰҒА академигі Б.Б. Баймахановтың қатысуымен жай-күйлері ауыр бірнеше науқасқа консультация көрсетіліп, ары қарайғы емдеу тактикасы бойынша ұсыныстар берілді. Соның ішінде жағдайы ауыр екі науқасқа ота жасалды.

Тәжірибе алмасу барысында бір науқасқа гастропанкреатодуоденальді резекция отасы жасалды. Бұл ота ұйқы безі басының қатерлі ісігінде, жалпы өт жолының терминалды бөлігінің ісігінде, он екі елі ішектің ісігі және оның үлкен бүртіктерінің ісігі кезінде жасалады. Екінші науқасқа Таннер отасы жасалды. Бұл ота өңештің варикозды тамырларының кеңеюі кезінде қан кетудің алдын алу мақсатында асқазанды көлдеңінен кесіп, кіші және үлкен шарбының барлық тамырларын байлап, одан кейін асқазанды тігу арқылы жасалады.

Ота сәтті өтті, қазіргі таңда науқастардың жалпы жағдайы жақсы, дренажды түтіктер қанағаттанарлық деңгейде жұмыс жасап тұр.

Разработано в AlmaWeb