2024 жылғы 6-7 қыркүйекте Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық онкология және гематология орталығы базасында эндоскопист, хирург және гастроэнтеролог мамандарға арналған «АІЖ өсінділерін диагностикалау және емдеудегі заманауи эндоскопиялық шешімдер» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Өз тәжірибелері және жаңа әзірлемелерімен бөлісу үшін Бішкекке Алматыдан «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ эндоскопия және функционалды диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Байтөреұлы Әбдірашев және эндоскопист дәрігер Мажит Куликович Абдыкадыров келді. Шеберлік сабағының мақсаты – Қырғызстанда эндоскопиялық қызметті дамыту, күрделі, оның ішінде эндоскопиялық оталар жасау және халыққа жоғары мамандандырылған көмек көрсету.
Екі күн ішінде 8 ота жасалды: кардия ахалазиясы бар екі науқасқа пероралды эндоскопиялық миотомия (POEM), Ценкер дивертикулы бар бір науқасқа септикотомия (Z-POEM), тоқ ішектің тубулярлық-виллезді аденомалары бар үш науқасқа эндоскопиялық шырышасты диссекция (ESD) және ұйқы безінің басындағы қатерлі өсінділері бар екі науқасқа эндобилиарлық стенттеу арқылы ЭРХПГ жасалды.
Мұндай шеберлік сабақтарын өткізу екі елдің медициналық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.