А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-да ұзақ мерзімді жоспарлау және науқасты даярлаудан кейін м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.Б. Баймахановтың басшылығымен бүйрек трансплантациясы, урология және экстракорпоралды уытсыздандыру бөлімшесінің трансплантологтар бригадасы 600-ші бүйрек трансплантациясын АВО-үйлесімсіздігі бар науқасқа сәтті орындады.
АВО жүйесінің бірегейлігі – иммунизацияланбаған адамдардың плазмасында эритроциттерде болмайтын антигендерге табиғи антиденелер бар. АВО-үйлесімсіздік – қанның екі түрлі типі бір корпуста араласқан жағдайда туындауы мүмкін реакция. Организмге қанның дұрыс емес типі түсетін болса, ол иммундық жауап береді. АВО-үйлесімсіз ағзаны трансплантациялау өте жылдам уақытта күрделі бұзылыстарды туындатуы мүмкін.
Науқас А. біздің Орталыққа жүгініп, профессор Б.Б. Баймахановтың консультациясын алған. Науқас жүгінген сәтте ол 2 жыл бойы гемодиализде болған, жағдайы қарқынды түрде нашарлап, жүректің шығару фракциясы төмендеген, сондықтан трансплантация – оның өмірін құтқарудың бірден бір жолы еді.
Әлеуетті донор – жақын туысы, алайда донордың қан тобы үйлесімсіз – 2 , ал науқастың қан тобы – 1. Мультидисциплинарлық топтың консилиумы ұйымдастырылып, 1 айға созылған ота алдындағы дайындықтан кейін бүйрек трансплантациясы жасалды. Талдаулар 2 тәуліктен кейін қалыпқа түсті, организм трансплантацияланған бүйректі қабылдады, енді гемодиализ алу қажет емес.
Антитоптық антиденелерді жою және олардың de novo синтезін бұғаттау технологияларын қолдану қан тобы бойынша үйлесімсіз тірі донордан бүйрек трансплантациясын жасауға мүмкіндік береді. Осылайша АВО-үйлесімсіздік АВО-антиденелердің титрін төмендетуге мүмкіндік беретін абсорбция және плазмаферез сеанстары арқылы сәтті еңсерілді.
2012 жылдан бері біздің Орталықта АВО-үйлесімсіз бүйрек трансплантациясы екі рет орындалды.
Сонымен қатар, «А.Н. СЫЗҒАНОВ АТ. ҰҒХО» АҚ-да 600 донор бүйрегін алу лапароскопиялық мануальды-ассистендірілген әдіс арқылы, бірде-бір конверсиясыз және асқынуларсыз жүргізілгенін айта кету керек, бұл – әлемдік практикадағы ең озық тәжірибелердің бірі. Бүйректі аз жарақаттық әдіс арқылы алу донорлардың қысқа мерзім ішінде қалпына келулеріне мүмкіндік береді. Донорлар 4 тәулікте стационардан шығарылады.