Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, +7 (705) 847 52 20
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-да Canon Alphenix заманауи ангиографиялық кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

2024 жылғы 11 сәуірде А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ультра жоғары ажыратымдылықтағы детектор технологиясы бар Canon Alphenix заманауи ангиографиялық кешенінің ашылуына орай салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ангиографиялық жүйені жеткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №333 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасы шеңберінде жапондық грант алу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 22.12.2020 ж. №867 бұйрығына сәйкес, достық пен одан әрі бірлескен ынтымақтастықтың белгісі ретінде «Жапония халқынан Қазақстан Республикасының халқына» девизімен жүзеге асырылды.

Canon Alfenix аппараты коронарография, ангиопластика, стенттеу, эмболизация және т.б. қоса алғанда, жоғары технологиялық интервенциялық процедуралардың кең ауқымын жүргізуге мүмкіндік береді. Кардиология мен жүрек-қан тамырлары хирургиясының дамуындағы осы маңызды қадам мамандарға жүрек ауруларын барынша тиімді әрі нақты емдеуге көмектеседі.

Canon Alphenix ангиографиялық кешенінің тұсаукесер рәсіміне Жапонияның ҚР-дағы Елшілігінің өкілдері қатысты: Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Джун Ямада мырза, Жапонияның ҚР-дағы Елшілігінің атташесі – Шимон Комия мырза, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы Марубени Корпорейшн компаниясының бас менеджері – Минезаки Наотака мырза. Олардың бұл шараға қатысуы осы ынтымақтастықтың медициналық қауымдастық үшін маңыздылығы мен өзектілігін айқындай түсті.

Бұл іс-шара жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті жақсартуда айтулы қадамға айналып, кардиология және жүрек-қан тамырлары хирургиясы мамандарына жаңа мүмкіндіктер есігін ашты.

 

Разработано в AlmaWeb