Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына Резидентурада білім беру үшін конкурстық қабылдау жариялайды:

«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мына мамандықтар бойынша 2024-2025 оқу жылына Резидентурада білім беру үшін конкурстық қабылдау жариялайды:
7R01119 – «Ангиохирургия (ересектер, балалар)» оқу мерзімі – 4 жыл
7R01117 – «Анестезиология және реаниматология оқу мерзімі – 3 жыл
(ересектер, балалар)»
7R01110 – «Кардиология (ересектер, балалар)» оқу мерзімі – 3 жыл
7R01118 – «Кардиохирургия (ересектер, балалар)» оқу мерзімі – 4 жыл
7R01190 – «Нефрология (ересектер, балалар)» оқу мерзімі – 2 жыл
7R01136 – «Жалпы хирургия» оқу мерзімі – 3 жыл
7R01114 – «Радиология» оқу мерзімі – 2 жыл
7R01152 – «Патологиялық анатомия» оқу мерзімі – 2 жыл

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:

050004, Алматы қ., Желтоқсан к. 62, 2 қабат
Дипломнан кейінгі үздіксіз білім беру бөлімі

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08.00 – 17.00 аралығы
Түскі ас: сағат 13.00 – 14.00 аралығы
Қажетті құжаттар тізімі №1 қосымшада ұсынылған.

Құжаттарды қабылдау, емтихан өткізу және оқуға қабылдау мерзімдері:
Өтініштерді қабылдау – 2024 жылғы 03 – 25 шілде
Қабылдау емтихандары – 2024 жылғы 07 – 15 тамыз
Оқуға қабылдау – 2024 жылғы 28 тамызға дейін

Жұмыс телефоны: +7 (727) 279 99 12;
Электронды мекенжай: nnpost.edu@gmail.com

Қосымша 1

Қажетті құжаттар тізімі:
Резидентураға түсетін тұлғалар 2024 жылғы 03-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады:
Басқарма төрағасының атына өтініш;
Денсаулық сақтау саласындағы бакалавр дәрежесін беру туралы
диплом және дипломға қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі қосымшалар (түпнұсқа және көшірмелер);
Дәрігер біліктілігін беру туралы диплом және дипломға қазақ,
орыс және ағылшын тіліндегі қосымшалар (түпнұсқа және көшірмелер);
Интернатураны бітіргені туралы диплом мен куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі диплом қосышаларының түпнұсқасы және көшірмелері);
Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі
(болған жағдайда);
Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін
түпнұсқасы);
Еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда) (салыстыру үшін
түпнұсқасы);
Өлшемі 3×4 сантиметр екі фотосурет;
075-у медициналық анықтама
Білім беру ұйымы деканының қолы мен мөрі арқылы куәландырылған
интернатурадағы қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің («Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ (ҰТЕО) өткізетін тестілеу) нәтижесі.

Егер интернатураны бітірген жылы тестілеу өткізілмеген болса, онда оқуға тапсырушы қабылдау комиссиясына құжаттарды өткізбей тұрып ҰТЕО-да «Жалпы медицина» / «Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша тест тапсыруы тиіс.
Ғылыми жарияларымдарының бар екенін растайтын құжаттар;
Резидентурадағы оқуы біткеннен кейін жолдама бойынша үш жыл бойы Мемлекеттік грантты өтеуге келісімі;
Мерзімі жарамды болса TOEFL және IELTS сертификаттары.

Өзімен бірге тігіндегіш, кішкентай конверт және файл болуы тиіс.

Разработано в AlmaWeb