Жоғары санатты терапевт дәрігер, кардиолог, жұмыс өтілі – 24 жыл.
Білімі: 1991-1997 жж. – Қазақ мемлекеттік медицина университеті.
Мамандығы: «емдеу ісі». Біліктілігі: дәрігер
Жұмыс тәжірибесі және кәсіби дағдылары:
1997 – 1998 жж. – Қазақ мемлекеттік медицина университеті,
ішкі аурулар кафедрасы, ассистент тағылымгер.
1998 – 2014 жж. – Қазақ мемлекеттік медицина университеті,
ішкі аурулар кафедрасы, ассистент.
– ішкі мүшелердің аурулары бойынша 4, 5, 6 курс студенттеріне теориялық және практикалық сабақтар жүргізген; кардиология, пульмонология, гематологиия, гастроэнтерология, ревматология, нефрология, клиникалық электрокардиография бойынша циклдар өткізген;
– ішкі мүшелердің аурулары бойынша 4, 5 курс студенттердің өндірістік тәжірибесіне куратор ретінде жетекшілік еткен;
– «2 типті қант диабеті бар науқастардағы артериялық гипертензияны емдеуде бета-тежегішті (карведилол) қолдану» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыспен айналысқан;
– 20-дан астам ғылыми-практикалық мақала мен тезистің авторы;
– 2 әдістемелік оқу құралының бірлескен авторы;
– кафедраның базалары орналасқан клиникалардың (ҚЖШККА, №1 ҚКА, №7 ҚКА) терапиялық бөлімшелерінде емдік-диагностикалық қызметтерді атқарған;
2014 – 2019 жж. – Алматы қ., №7 Қалалық клиникалық аурухана, терапия бөлімшесі, меңгеруші.
– терапия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған, жас терапевт дәрігерлерге жетекшілік етіп, ішкі мүшелердің аурулары бар науқастарды диагностикалау және емдеудегі олардың практикалық дағдыларын дамытумен айналысқан, сондай-ақ, медициналық этика мен деонтологияны ескере отырып, жас мамандарға тәрбие жұмыстарын жүргізген;
2019 – 2024 жж. – «А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, Консультативтік-диагностикалық орталық, меңгеруші.
– Ішкі мүшелердің патологиялар бар науқастарға емдік-диагностикалық көмек көрсетеді. Жұмыс өтілі – 23 жыл.