Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Б. Б. Баймахановтың блогы

Құрметті Отандастар!

Біздің хирургтардың (кардиохирургтар, аритмологтар, эндоваскулярлық хирургтар, өңеш пен асқазанның реконструктивті хирургиясы, бауыр мен ұйқы безінің хирургиясы, торакальды хирургтар, урологтар, пластикалық хирургтар, трансплантологтар) кәсіби жетістіктері елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де белгілі.

«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ – 1945 жылы сәуірде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне арналған госпиталь негізінде құрылған ірі ғылыми, білім беру және тәжірибелік орталық.

Ғылыми-зерттеу институттарының арасында алғашқылардың бірі болып Қазақ КСР Ғылым академиясының құрамына енді және бүгінгі таңға дейін эндоваскулярлық және бейнетаспалық, соның ішінде аз травматикалық, аз инвазивті сынды технологияларды қолдану арқылы жасалынатын хирургиялық араласудың жаңа түрлерін енгізетін және жетілдіретін ғылыми орталық болып табылады. Сондай-ақ операция процестерінің анестезиологиялық және реанимациялық қамтамасыздандыру әдістерін жетілдіру үстінде.

Біздің қызметкерлердің ғылыми мақалалары жетекші отандық және шетелдік журналдарда жүйелі түрде жарияланып отырады және олардың өнертабыстары патенттеледі. Орталықтың білікті қызметкерлері хирургияның түрлі салаларындағы танымал мамандар ретінде хирургиялық ауруларды емдеуге арналған ұлттық клиникалық нұсқаулықтарды даярлауға шақырылады.

Орталық базасында жас мамандар және тәжірибелі қазақстандық дәрігерлер жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтан өтіп, қосымша кәсіби білім алады.

Басшы болу — күрделі әрі жауапты міндет. Біз өз мүмкіндіктеріміздің деңгейін бірқалыпта ұстап қана қоймай, ауруханадағы емделушілерге жайлы жағдай жасай отырып, сондай-ақ емдеудің жаңа технологияларын енгізу арқылы оны үнемі шыңдай түсуге тырысамыз.

Олар бізге сенеді, және біз бұл сенімді өте жоғары бағалаймыз!

Оставить новую запись в гостевой книге

 
 
 
 
 
 
 
Поля, помеченные звёздочкой, обязательны для заполнения.
Ваш адрес e-mail опубликован не будет.
Ваша запись в гостевой книге может быть показана не сразу, а только после предварительной проверки администрацией сайта.
Мы оставляем за собой право редактировать, удалять или не публиковать записи в гостевой книге.
(жоқ жазба)
Разработано в AlmaWeb