Денсаулық сақтау саласын дамыту және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу шеңберінде А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы және Көпбейінді облыстық аурухана 18-19 наурыз күндері бірлескен “БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ” атты шеберлік сағатын өткізуде. Шеберлік сағатын басқа қалалардағы дәрігерлерге де онлайн форматта көрсету мүмкіндігі болды.
Шеберлік сабағы аясында бірінші күні 1 бүйрек трансплантациясы жасалды. Терминалды созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы бойынша бір науқасқа бүйрек трансплантациясы орындалды. Донордың бүйрегі лапароскопиялық әдіспен алынды. Ота сәтті өтті, науқастардың жай-күйі жақсарып келеді, алдағы уақытта оларға гемодиализ сеанстарын жүргізу қажет емес.
⠀
Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері және профессор Б.Б. Баймаханов бастаған білікті мамандар тобы ұйымдастырған осы іс-шараның нәтижесінде бүйрек трансплантациясын жасаудың қыр-сырын меңгеріп, дағды-біліктіліктерін арттырып жатыр. Бүйрек трансплантациясы жөніндегі бұл ынтымақтастық Қызылорда облысы халқына көрсетілетін трансплантологиялық көмек сапасын жетілдіре түспек.