«А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау» 005 Республикалық ББ-ның шеңберінде 2019 жылдың 28 қазан-1 қараша аралығында Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның базасында шетелдік маманның қатысуымен «Бауыр ауруларының алдын-алу. Бауыр трансплантациясынан кейінгі науқастарды бағдарлау» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
Шеберлік сабақтарды өткізуге Сеул ұлттық университетінің (Корея Республикасы) профессоры Кван Вунг Ли шақырылды.
Еліміздің түрлі өңірлерінен келген МСАК ұйымдарының мамандары (гепатолог дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері, хирургтар, терапевттер) ұзақтығы 54 академиялық сағатты құрайтын шеберлік сабақтарына қатысып, белгіленген үлгідегі куәліктерді алды.
Шеберлік сабақтары бауыр ауруларының алдын-алуға және бауыр ауруларына шалдыққан науқастарды емдеуге, сондай-ақ трансплантациядан кейінгі науқастарды бағдарлауға тікелей қатысы бар медициналық-санитарлық алғашқы көмек дәрігерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.
Шеберлік сабақтарының аясында қатысушылардың қызығушылығын тудырған бауыр ауруларының алдын-алу және бауыр трансплантациясынан кейінгі науқастарды бағдарлау және диагностикалау бойынша халықаралық хаттамалар талқыланды.