Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

12-13 қыркүйек 2025 ж. – А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығының 80 жыл толуына арналған Қазақстан хирургтарының IX Конгресі

ҚР ДСМ «А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Сізді 2025 жылғы 12-13 қыркүйек аралығында Алматы қ. (Қазақстан) өтетін А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығының 80 жыл толуына арналған Қазақстан хирургтарының IX Конгресінің жұмысына қатысуға шақырады.

Конгрестің ұйымдастырушылары:

Өткізу орны: «Royal Tulip» қонақ үй кешені, Grand BallRoom залы, Алматы қ., Оспанов к., 401.                              

           КОНГРЕСТІҢ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. Жүрек-қантамыр және рентгеноэндоваскулярлық хирургия: Интервенциялық кардиология, аритмология және рентгеноэндоваскулярлық хирургиядағы ем және диагностика
  2. Гепатопанкреатобилиарлық хирургиядағы заманауи тәсілдемелер
  3. Бауыр және бүйрек трансплантациясындағы өзекті мәселелер
  4. Кеуде қуысы және асқазан-ішек жолы мүшелеріне жасалатын азинвазивтік оталар
  5. Эндокринді ағзалар хирургиясы
  6. Жас ғалымдар секциясы (35 жасқа дейін): «Хирургияның өзекті мәселелері»
  7. Конгрестің негізгі тақырыптарының бірі бойынша бейне секция.

Конгресс off-line форматта өтеді. Қатысу формасы: бетпе-бет (баяндама, постерлік баяндама), сырттай (тезистерді жариялау). Конференция тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысушылар тіркеу 2025 жылғы 1 тамызға дейін https://nnch.kz/viii-kongress-hirurgov-kazahstana/ сілтемесі арқылы жүзеге асырылады.

Конгресс қатысушылары үшін тіркеу жарнасы 50 000 (елу мың) теңгені құрайды.

Төлемді келген кезде немесе төменде көрсетілген деректемелер бойынша жүзеге асыруға болады:

Алушы: «Қазақстандық хирургтар қоғамы» РҚБ
ЖСК KZ3984901KZ001508907
БСК NURSKZKX
БСН 170240015731
Төлем мақсатының коды 859
Банктің атауы АО «Нурбанк»

 

Сондай-ақ, қатысу үшін төлемді жіберуші ұйыммен мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарт жасау арқылы да жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Келісім-шарт жасау мәселелері бойынша +7 775 606 39 30 (Назигуль) телефоны арқылы мемлекеттік сатып алулар бөліміне жүгінуге болады.

Тіркеу жарнасы қамтиды: Конгресс мәжілістеріне қатысу; Конгрестің ғылыми материалдары салынған портфель; Конгресс қатысушысының сертификаты; Конгрестің ашылуына арналған гала кешкі асқа шақыру; кофе-брейктер; түскі ас.

Конгресс барысында хирургияның өзекті мәселелері бойынша жетекші мамандармен тәжірибе алмасу, халықаралық хирургтардың тәжірибесін қазақстандық практикаға кеңінен енгізуге және дәріптеуге бағытталған сателлиттік симпозиумдар өткізу, стендттік баяндамалармен танысу және оларды талқылау жоспарланып отыр.

Конгресс күндері медициналық техника, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші жетекші фирмалардың көрмелері жұмыс істейтін болады.

Конгресс материалдары «Қазақстан хирургиясының хабаршысы» журналының арнайы шығарылымында жарияланатын болады.

Талаптарға сәйкес рәсімделген тезистер және баяндамалар бойынша өтінімдер 2025 жылғы 30 маусымға дейін dr.gismailova@gmail.com электронды мекенжайына жолданылуы тиіс. Назар аударыңыз: Материалды электронды почтаға жіберу кезінде хаттың оқылғаны туралы хабарламаны сұратыңыз. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен тезистер дайындалып жатқан жинақта жарияланбайды.

1. Тезис мәтіні терілуі керек:

2. Тақырыбында көрсетілуі керек:

3. Тезистердің мазмұны жұмыстың мақсатын, зерттеу материалдары мен әдістерін, зерттеу нәтижелерін, қорытындыны қамтуы тиіс.

4. Тезистерде мыналар қолданылуы керек: SI бірліктерінің жүйесі, аббревиатураның мағынасы мәтінде бірінші пайда болғаннан кейін ашылады және бүкіл жұмыс барысында өзгеріссіз қалады; ондық бөлшектерде үтірлерді қолдану керек (мысалы; 0,1 немесе 0,358); мына таңбалар алдыңғы таңбалардан үзіліссіз жазылады: «%» (23%), «<» (р<0,1), «>» (t>10 ˚C), «±» (2±0,002). 

5. Тезистердің мәтінінде мыналарға жол берілмейді: әдеби дереккөздерге сілтемелер; препараттардың саудалық атаулары бар тезистер; кестелер мен суреттер енгізілмейді; тезистің атауындағы сөздер мен терминдердің қысқартылуына жол берілмейді, тезис мәтінінде қалың қаріпті, курсивті және басқа да безендіру тәсілдерін қолдануға болмайды.

6. Әрбір файл мыналарды қамтуы керек: бір тезис, файл атауы бірінші автордың аты-жөнімен және тезис нөмірімен беріледі (егер автор бірнеше тезис ұсынса).

7. Авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, хат алмасу үшін электрондық мекенжайы, телефон) жеке парақта тезиске қоса ұсынылады.

Постерлік баяндамалар

Постерлік секцияға қатысу үшін тезис өткізу қажет. Постерлік баяндамалардың тізімі Конгрестің бағдарламасында ұсынылатын болады. Постерді рәсімдеу тілі – қазақ, орыс, ағылшын. Баяндама Power Point форматында рәсімделуі тиіс, 1 бет. Бағдарлануы – кітап. Рәсімдеудің мына тәртібін сақтауға кеңес беріледі: атауы, авторлары, ұйым, өзектілігі, зерттеу материалдары және әдістері, нәтижелер, қорытынды.

Ауызша баяндамалар

Ауызша баяндамалардың ұзақтылығы – 15 минут. Баяндама Power Point форматында рәсімделуі тиіс. Бағдарлануы – альбом. Рәсімдеудің мына тәртібін сақтауға кеңес беріледі: атауы, авторлары, ұйым, өзектілігі, зерттеу материалдары және әдістері, нәтижелер, қорытынды.

Бейне секция

Фильмнің ұзақтылығы 7 минуттан аспауы тиіс. Фильм мына ақпараттарды қамтуы тиіс: атауы, авторлардың тізімі, жұмыс орны. Фильмнің форматы: MP4, MOV, AVI. Ағылшын тіліндегі субтитрлер немесе аудио түсініктемелер.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ 

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, 

Болатбек Бимендеұлы Баймаханов

Төрағаның орынбасарлары:

Шоқан Ахметбекұлы Қаниев

тел. +7 701 294 60 89

e-mail: shokan.kaniyev@gmail.com

Нұрмахан Есмаханұлы Имаммырзаев

тел. + 7702 107 01 01

e-mail: Nurmakhan.kz@gmail.com

Оңласын Төлегенұлы Ибекенов

тел. + 7 701 740 80 39
e-mail: onlasin72@mail.ru

Хатшы:

Татьяна Михайловна Калужинова

тел. + 7 705 210 47 57

e-mail: keryblue@mail.ru

 

 

Ақпараттық хат (жүктеу)

Разработано в AlmaWeb