Кардиохирургия бөлімшесі
Тел.: 8 (727) 279-22-16, 279-58-59, 279-23-27, доп. 219, 173
Бөлім меңгерушісі
Рақышев Бауыржан Алдабергенұлы
Бөлімшенің тарихы 1958 жылғы 18 қарашадан бастау алады. Дәп сол күні А.Н. Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және эксперименталды хирургия институтында Қазақстанда алғаш рет жүрекке операция жасалды – науқас Н.-ға митралдық стенозға байланысты саусақтық комиссуротомия жүргізілді.
А.Н. Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және эксперименталды хирургия институтында, қазіргі «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-да жыл сайын жасанды қан айналым аппаратының көмегімен 300-ден астам жүрекке ота жасалады. Олардың қатарында жүрек қақпақшаларының күрделі ақауларын түзету, туа біткен жүрек ақауларына ота жасау, миокардты көптамырлы ревакуляризациялау операциялары, жүрекке минималды инвазивті оталар, сондай-ақ, V-VI күрделілік санатындағы ірі магистралды тамырларға жасалатын оталар да бар. Кардиохирургия бөлімшесінің клиникалық тәжірибесі терең, соның арқасында көптеген науқастар өздеріне қажетті заманауи хирургиялық көмекті ала алады. Кардиохирургия саласындағы технологиялардың дамуына байланысты жүрекке кішкентай тілік арқылы жасалатын азинвазивті оталардың танымалдылығы артып келеді және мұндай оталар бөлімшеде белсенді түрде жүзеге асырылады.
Орталықтың Республикалық мәртебеге ие болуына байланысты жыл сайын бізге ота жасауға мұқтаж көптеген науқастар жүгінеді. Олардың ішінде күрделі жанамааурулары бар, мультидисциплинарлық тәсілді қажет ететін науқастар да бар. Бөлімшеде тәжірибелі кардиохирургтар, қантамыр хирургтары, ангиохирургтар және аритмологтар жұмыс істейді.
Бөлімшенің негізгі бағыттары:
• Жүрек ақауларын (туа біткен және жүре пайда болған) хирургиялық емдеу – балалар мен ересектерде
• Коронарлық хирургия (ЖИА кезінде шунттау операциялары)
• Интервенциялық кардиология: стенд қою, электрокардиостимуляция, жүрек ақауларын жабуға арналған окклюдерлерді орнату
• Қантамыр хирургиясы: магистралды және перифериялық артериялар мен веналарға жасалатын операциялар
• Эндоваскулярлық процедуралар және микрохирургия (гемангиомаларды лазер арқылы жоюды қоса алғанда)
Орталықта мынадай ота түрлері жасалады:
• Туа біткен жүрек ақауларын түзету (жүрекшелер/қарыншалар арасындағы перде ақаулары, Фалло тетрадасы және т.б.)
• Митралдық, аорталық және басқа қақпақшалардың ақауларына жасалатын оталар
• Ишемиялық ауру кезіндегі коронарлық шунттау
• Тұрақты кардиостимуляторлар/электрокардиостимуляторларды орнату, тері арқылы жасалатын араласулар
• Мойын, қол, аяқ және басқа тамырларға жасалатын эндоваскулярлық операциялар
Жабдықталуы мен инфрақұрылымы:
• Бөлімше кардиохирургиялық оталарға арналған рентген-хирургияны қоса қамтитын операциялық блокпен жабдықталған
• ЭКГ, тәуліктік мониторинг, эхокардиография, жүрек пен тамырлардың УДЗ қызметтері жұмыс істейді
• Қуатты диагностикалық база: зертханалық, рентген-ангиографиялық және эндоскопиялық қызметтер қамтамасыз етілген
А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның кардиохирургия бөлімшесі – диагностикадан бастап жүрек пен қантамырларға жасалатын күрделі операцияларға дейін толық циклді көмек көрсететін мамандандырылған орталық. Мұнда тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді, заманауи технологиялар (эндоваскулярлық, микрохирургиялық әдістер) енгізілген, қуатты диагностикалық база және ғылыми-білім беру де жүзеге асырылады.
Сызғанов атындағы ҰҒХО – Қазақстандағы жетекші орталықтардың бірі, қызмет сапасы мен жаңашыл тәсілдері арқылы шетелде де танымалдылыққа ие.
Орталық ересектерге де, балаларға да, соның ішінде аса күрделі жағдайларда да көмек көрсетеді.
Тексерілу мен емделу мәселелері бойынша бөлімшенің келесі телефон нөмірлері бойынша жүгінуге болады:
+ 7 (727) 225-09-30
Консультациялар А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО Диагностикалық орталығында Алматы қ., Желтоқсан көш., 51 үй – мекен-жайы бойынша мамандардың қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі.