Ұлттық ғылыми хирургия орталығы 1945 жылдың сәуір айында 2-ші Дүниежүзілік соғысының ардагерлері мен мүгедектері үшін госпиталінің базасында ашылып, сонымен Қазақ КСР Ғылым академиясының құрамына алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелер ретінде кірген. Аталмыш Орталықтың негізін қалаушы және тұнғыш директоры ( 1975 жылға дейін) Қаз.КСР белгілі ғалымы, қабілетті хирургы, ҚазКСР ғылымының еңбегі сіңген қайраткері, Қаз.КСР ҒА академигі Александр Николаевич Сызғанов болған.
А.Н.Сызғанов атындағы Хиругия ғылыми орталығында әлемдегі ең озық хирургиялық орталықтарында жасалатын барлық диагностикалық пен емдеу емшаралары: ағзаларды алмастырып қондырудан бастап, кесіліп-бөлініп қалған аяқ-қолды тігіп, жандандыруға, қансыз лазер арқылы және қан-тамыр ішіндегі емдеу әдістеріне дейін оталары іске асырылады.
50 жылдан астам, Орталық ашылған сәттен бастап, мұнда дәрігерлік әтика мен деонтологияның классикалық қалыптасқан дәстүрлерді сақтай отырып, жоғары деңгейдегі мамандары қызмет көрсетеді.
А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы –озық замануи технологиялар бойынша емдеу-диагностикалық көмек көрсететін еліміздегі жетекші көпбейінді медициналық мекеме. Хирургиялық араласулардың кейбір бағыттары боынша А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерінде де белгілі озық медициналық ұйым болып табылады.
А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы қызметінің негізгі бағыттары ретінде келесілер жатады:
Медицинаның түрлі салалары бойынша жетекші мамандардың, соның ішінде: (нефрология, неврология, эндокринология, кардиология) консультациялары;
Функционалдық пен сәуле арқылы диагностикалау (эндоскопия, электрокардиография, эхокардиография, Холтер бойынша монирорирлеу, барлық ағзаларды және жүйелерді, қан-тамырларды қосқанда, УДЗ, компьютерлік пен магнитті-резонанстық томография және т.б.)
Клиникалық-зертханалық зерттеулердің барлық спектрі, ( гепатиттер, онкоаурулар кезінде ИФА мен ПЦР қосқанда), бактериологиялық зерттеулер.
Морфологиялық зерттеулер (гистологиясымен биопсиясы, цитология, электронды микроскопия).