Құрметті достар! «А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ өз жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлағымыз келеді! Госпитализация, қарап-тексеру және консультациялар штаттық режимде жүргізіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Орталыққа жоспарлы госпитализация тиісті құжаттар мен анализдер, оның ішінде COVID-19-ға теріс ПЦР-сынама болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
– COVID-19-ға ПЦР-тестті бекітілген мекен-жай бойынша емханада тапсыруға болады.
– Басқа қалалардағы пациенттер медициналық құжаттарды (аспаптық зерттеулер деректерін – УДЗ, КТ, МРТ; ауру тарихының үзінді көшірмесін) «консультацияға» деген белгімен info@nnch.kz электронды почтасына жолдай алады.
Өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!