А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының ұжымы Медицина қызметкері күні қарсаңында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында спартакиада өткізді.
Айта кетерлігі, бұл игі шара жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылған спорт залының қайта пайдалануға берілуімен тұспа-тұс келіп, ұжым қызметкерлері үшін ерекше мәнге ие болды. Заманауи келбетке ие болған спорт кешені – қызметкерлердің денсаулығын нығайту мен белсенді өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік.
Спорттық додаға барлығы 10 футбол командасы мен 2 волейбол командасы қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жоғары дайындықтарын, ұйымшылдықты және спортқа деген шынайы ынта-ықыластарын танытты.
Спартакиада – ұжымның ауызбіршілігін арттырып қана қоймай, қызметкерлердің физикалық және рухани саулығын нығайтатын маңызды бастама.