Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Ракишев Бауыржан Алдабергенович

Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі

Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты кардиохирург дәрігер. 2007 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 ж. Қазақ мемлекеттік медицина университетінде интернатурада білім алып, «Педиатрия» мамандығы бойынша «Балалар хирургы» біліктілігін алған. 2010-2012 жж. РМҒА А.Н. Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығының клиникалық ординатурасын «Жүрек-қантамыр хирургиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Негізгі жұмыс бағыты: жүрек қақпақшаларын азинвазивтік протездеу, туа біткен жүрек ақауларын азинвазивтік түзету, жүрек ырғағының бұзылыстары кезіндегі торакоскопиялық операциялар, азинвазивтік аортокоронарлық шунттау, жұмыс істеп тұрған жүрекке және жасанды қан айналым жағдайындағы жүрекке аортокоронарлық шунттау жүргізу, жүрек қақпақшаларын қайта қалпына келтіру жөніндегі операциялар, жүрек қақпақшаларын протездеу, қолқа операциялары, жүректегі түзілімдерді жою.

Разработано в AlmaWeb