Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту болып табылады.
«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Оның негізгі бағыттары алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін, сондай-ақ денсаулық сақтауға ынтымақты жауапкершілікті қамтамасыз ететін әлеуметтік медициналық сақтандыруды кезең-кезеңмен енгізу болып табылады.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасындағы мақсатты индикаторлар
Соңғы жылдары алты жылда мемлекеттің денсаулық сақтау саласына жұмсаған шығыны үш есе артты. Адамдарға дәрігер мен емхананы таңдауға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілді; халықтың аз қамтылған бөлігіне тегін және жеңілдігі бар дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін Дәрілер дистрибуциясының бірыңғай жүйесі құрылды; алшақтағы өңірлерде медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етілді, еліміз бойынша екі «Денсаулық» медициналық поезды жұмыс істейді.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы саланы тиімді етеді, бастысы қазақстандықтардың денсаулығын жақсартады.
Мақсатты индикаторлар:
2013 жылға қарай халықтың өмір сүру деңгейін 69,5 жылға дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұзарту
Ана өлімін 2013 жылға қарай 100 мың тірі туғандардан 8,1 адамға, 2015 жылға қарай 24,5 адамға дейін азайту
Сәби өлімін 2013 жылы 1000 тірі туылғандардан 14,1-ге дейін, 2015 жылы 12,3–ге дейін азайту
Жалпы адам өлімін 1000 адамнан 8,14 адамға, 2015 жылға қарай 7,62 дейін азайту
Туберкулезбен ауыруды төмендету: 2013 жылы – 98,1, 2015 жылы – 100 мың адамнан 94,7 адамға дейін
15-49 жас аралығында 0,2-0,6% шегінде ВИЧ індетін таратуды бақылау (орташа әлемдік көрсеткіш 1,1)