Шөкебаев Әділ Абайұлы
Асқазан-ішек жолы, эндокринді ағзалар хирургиясы және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі
Әділ Абайұлы Шөкебаев
Асқазан-ішек жолы, эндокринді ағзалар хирургиясы және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі
Білімі:
- И.К. Ахунбаев ат. Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, Емдеу факультетінің түлегі (2006 ж.);
- Хирургия бойынша дипломнан кейінгі кәсіби дайындық (интернатура) (2006 ж.);
- А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-да хирургия бойынша клиникалық ординатура (2007-2009 ж.ж.). А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО өңеш, асқазан, көкірек ортасы мүшелері бөлімшесінің ғылыми қызметкері;
- 2011-2013 ж.ж. – асқазан-ішек жолы және эндокринді ағзалар хирургиясы бөлімшесінің хирург дәрігері;
- 2013 ж. бастап қазіргі уақыт аралығында асқазан-ішек жолы, эндокринді ағзалар хирургиясы және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі.
ЖОО-дан кейінгі білім:
- 2012 ж. Дания, Копенгаген қ. – «Қалқанша безінің хирургиясы».
- 2013 ж. Германия, Франкфурт қ., Италия, Милан қ. – «Тығыз мүшелер хирургиясындағы лазерлік технологиялар».
- 2014 ж. Испания, Барселона қ. – «Асқазан-ішек жолының (өңеш, асқазан) жоғарғы бөлігінің онкологиясы».
- 2015 ж. Корея, Сеул қ. – «Асқазанның қатерлі ісігінің лапароскопиялық хирургиясы».
- 2019 ж. Ресей, Мәскеу қ. – «Онкологиядағы ICG технологиялар».
Қызметінің негізгі бағыттары өңеш, асқазан және тоқ ішектің хирургиялық патологияларын емдеудің озық азинвазивтік тәсілдерді енгізу және жетілдіруге байланысты. Сонымен қатар, эндокринді ағзалар – қалқанша безі мен бүйрек үсті безі ауруларын хирургиялық емдеумен айналысады.
2009-2014 жж. аралығында «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ-да орындалған күйіктен кейінгі тыртықты тарылулар кезіндегі өңештің реконструктивтік хирургиясы мен қалқанша безінің азинвазивтік хирургиясы тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық жобалардың жетекшісі және орындаушысы.
Асқазанның қатерлі ісігі кезіндегі лапароскопиялық гастрэктомияны, қалқанша безінің азинвазивтік резекциясын ҚР-да енгізу жөнінде халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін шеберлік дәрістерін өткізуге атсалысқан. Өңештің торакоскопиялық резекциялары, колоректалды қатерлі ісік кезіндегі лапароскопиялық оталар, сондай-ақ, трансаксилярлық және трансоралдық тиреоидэктомия секілді қалқанша безінің азинвазивтік хирургиясын енгізу бойынша шеберлік дәрістерін тікелей ұйымдастырушы.
Түрлі бариатриялық оталарды («артық салмақ хирургиясы»), оның ішінде дәстүрлі, сондай-ақ, азинвазивтік оталарды жасауда үлкен тәжірибеге ие. Жыл сайын 500-ден астам ота, оның ішінде, АІЖ ағзалары мен эндокринді ағзалардың қатерлі аурулары кезінде ота жасайды.
АІЖ ағзалары мен эндокринді ағзаларға азинвазивтік оталардың барлық спектрін орындай алатын еліміздегі санаулы хирургтардың бірі.
Халықаралық хирургтар, гастроэнтерологтар мен онкологтар қауымдастығының (IASGO), Алматы қаласы және Алматы облысы хирургтары қоғамының толық мүшесі.
20-дан астам ғылыми жарияланымның және авторлық өнертабыстарға 6 патенттің авторы:
- Диффузды-уытты зоб кезінде қалқанша безін хирургиялық емдеу әдісі (2013);
- Диффузды-уытты зобды емдеу әдісі (2013);
- Эзофагоколопластика үшін ішек трансплантатын қалыптастыру әдісі (2013);
- Өңеш пластикасы кезінде тоқ ішек трансплантатының салбырау синдромының алдын алу әдісі
- Өңештің сілтілік күйіктерінің салдарларын хирургиялық емдеу әдісі (2010);
- Химиялық күйіктен кейін өңеш перфорациясын немесе өңешті сүмбілеуді өткерген науқастардағы өңештің тыртықты стриктураларын хирургиялық емдеу әдісі (2010).
Инновациялық патенттер:
1. Өнертабысқа ҚР № 23928 инновациялық патенті, ХПЖ А 61 В 17/00. Эзофагоколопластика үшін ішек трансплантатын қалыптастыру әдісі // Ш.Ш. Жураев, Б.Б. Баймаханов, Т.А. Байтилеуов, Е.У. Шайхиев, Е.Р. Рахимов, Ә.А. Шөкебаев – 20.11.2009 ж. өтінім берілді; 16.05.2011 ж. жарияланды.
2. Өнертабысқа ҚР № 23329 инновациялық патенті, ХПЖ А 61 В 17/00. Өңеш пластикасы кезінде тоқ ішек трансплантатының салбырау синдромының алдын алу әдісі // Ш.Ш. Жураев, Б.Б. Баймаханов, Е.У. Шайхиев Т.А. Байтилеуов, Ә.А. Шөкебаев, Е.Б. Әбдірашев – 20.11.2009 ж. өтінім берілді; 15.12.2010 ж. жарияланды.
3. Өнертабысқа ҚР № 23328 инновациялық патенті, ХПЖ А 61 В 17/00. Өңештің сілтілік күйіктерінің салдарларын хирургиялық емдеу әдісі // Ш.Ш. Жураев, Б.Б. Баймаханов, Т.А. Байтилеуов, Е.У. Шайхиев, Е.Р. Рахимов, Ә.А. Шөкебаев – 11.11.2009 ж. өтінім берілді; 15.12.2010 ж. жарияланды.
4. Өнертабысқа ҚР № 23327 инновациялық патенті, ХПЖ А 61 В 17/00. Химиялық күйіктен кейін өңеш перфорациясын немесе өңешті сүмбілеуді өткерген науқастардағы өңештің тыртықты стриктураларын хирургиялық емдеу әдісі // Ш.Ш. Жураев, Б.Б. Баймаханов, Т.А. Байтилеуов, Е.У. Шайхиев, Е.Р. Рахимов, Ә.А. Шөкебаев – 11.11.2009 ж. өтінім берілді; 15.12.2010 ж. жарияланды.
5. Өнертабысқа ҚР № 23327 инновациялық патенті, ХПЖ А 61 В 17/00. Диффузды-уытты зобды емдеу әдісі // Ж.Ә. Арзықұлов, Ш.Ш. Жураев, Е.У. Шайхиев, А.А. Омаров, Ә.А. Шөкебаев, Б.Қ. Орманов, Б.К. Китуев.
Баяндамалар мен жарияланымдар:
- Алматы қ. және Алматы облысы хирургтарының қоғамы отырысында «Онкоаурулар кезінде өңешті стенттеу» тақырыбында баяндама. 24.02.2011 ж., Алматы қ.
- «ХИРУРГИЯДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін Қазақстан хирургтарының ІV Конгресінің шеңберінде «Грейвс ауруының рентгенхирургиясы» тақырыбында баяндама. 2013 ж., Алматы қ.
- 15th European Congress of Endocrinology шеңберінде «Өңеш күйіктері кезіндегі шунттау колопластикасы» тақырыбындағы постерлік баяндама. 2013 ж., Копенгаген (Дания).
- «ХИРУРГИЯДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін Қазақстан хирургтарының V Конгресінің шеңберінде «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-дағы өңеш хирургиясының тәжірибесі» тақырыбында баяндама. 2014 ж., Алматы қ.
- «ХИРУРГИЯДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін Қазақстан хирургтарының V Конгресінің шеңберінде «Selective embolization thyroid artery as a treatment for Graves’ disease» тақырыбындағы постерлік баяндама. 2014 ж., Алматы қ.
- «XXI ҒАСЫР ХИРУРГИЯСЫ – БҮГІН ЖӘНЕ БОЛАШАҚ» атты халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін Қазақстан хирургтарының VІ Конгресінің шеңберінде «Өңештің тыртықты стриктуралары кезіндегі өңеш пластикасы» тақырыбында баяндама. 2015 ж., Алматы қ.
- «10-YEAR EXPERIENCE OF SURGICAL TREATMENT OF GASTROESOPHAGEAL REFLUX DISEASE». Zhurayev Sh.Sh., Shokebayev A.A., Imammyrzayev N.E., Orynbassar N.T., Kazakhstan Kh., Kanatov K.M. // Bulletin of Surgery in Kazakhstan. 2020. №4 (65). p.32-36.
- «GRAVE’S DISEASE». Zhamaldinov K., Ismailova M., Makataeva D., Smolinov I., Sharipbai K., Sharipova Z., Shokebaev A.A., Orynbassar N.T. // Bulletin of Surgery in Kazakhstan. 2022. №4 (71). p.43-47.https://doi.org/10.35805/BSK2022IV047
- «Outcome and recurrence of open versus laparoscopic Nissen fundoplication in Kazakhstan during the period of 2010-2021». Baimakhanov B.B., Zhurayev S.S., Shokebayev A.A., Orynbassar N.T., Imammyrzayev N.E., Kazakhstan K., Kanatov K.M., Yenin Y., Ismailova G.N. Iranian Journal of Medical Sciences (Manuscript ID IJMS-2209-2839 (R7)), Original Article. doi: 10.30476/ijms.2023.96685.2839
- «DIAGNOSTIC ACCURACY OF MULTISPIRAL COMPUTED TOMOGRAPHY IN DETECTING AND STAGING OF ESOPHAGEAL AND GASTRIC CANCER» Baimakhanov Bolatbek B., Shokebayev Аdil А., Kanatov Kuanysh M., Baiguissova Dinar, Abilseit Aizhan, Kalibekova Aisulu, Markelova Anna, Kalshabay Yerkezhan, Mukhamedzhanova Aigerim, Orynbassar Nurbol Т., Nazar Tolkyn A. http:doi.org/10.35805/BSK2024III003
- Байланыс деректері:
- Телефон: 8 (727) 279-94-02; қосымша. 183
- Эл.почта: shokebaev_a@mail.ru
- Инстаграм: adil.abaevich
- Адрес: «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан к., 62.