Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Тәжікстан Республикасындағы қазақстандық медицина күндері

19-20 желтоқсан аралығында Душанбеде Тәжікстандағы қазақстандық медицина күндері өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты — Қазақстан мен Тәжікстанның денсаулық сақтау жүйелерінің арасындағы әріптестікті күшейту, медициналық ұйымдардың өзара әрекеттестігін нығайту, екі ел азаматтарына көрсетілетін медициналық көмек сапасының қолжетімділігін қамтамасыз ету жолында тәжірибе және білім, сондай-ақ инновациялармен және технологиялармен алмасу.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығын аталмыш ұйымның жетекші мамандары таныстырды. Орталық делегациясын Басқарма төрағасы Баймаханов Болатбек Бимендеұлы бастап барды.

Форумның жоғары сессиясында Баймаханов Болатбек Бимендеұлы «Қазақстан Республикасындағы органдық трансплантация» тақырыбында баяндама жасап, еліміздегі органдық трансплантацияның негізгі нәтижелері жайында айтып өтті.

Осы іс-шараның аясында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы Тәжікстан Республикасының Ұлттық ғылыми ағзаларды және тіндерді трансплантациялау орталығымен серіктестік туралы меморандум бекітті.

Толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі сілтемелерге кіріп көрулеріңізге болады.

Сілтемелер:

http://kazgazeta.kz/?p=91329
http://ult.kz/post/tazhikstanda-kazakstandyk-meditsina-kunderi-bastaldy
http://ult.kz/post/an-syzganov-atyndagy-ugkho-tazhikstandyk-meditsinalyk-uyymmen-seriktestik-turaly-memorandum-bekitti
http://zhasorken.kz/?p=32576
https://abai.kz/post/102619
https://taldykorgan-online.kz/?p=17603
http://kazgazeta.kz/?p=91356
http://ru.taldykorgan-online.kz/2019/12/20/dni-kazahstanskoy-meditsinyi-v-respublike-tadzhikistan/
http://ult.kz/post/dushanbede-kazakstandyk-dariger-biregey-ota-zhasady

Разработано в AlmaWeb