Торакалды және балалар хирургиясы бөлімшесі
Тел.:8 (727) 279-22-16, 279-58-59, 279-23-27, 279-59-09, доп. 203
Бөлімше қызметінің негізі – кеңірдектің, өкпенің, көкірекортаның, өңештің, асқазанның, тік ішек пен жуан ішектің, бауырдың, өтшығу жолдарының, ұйқыбездің туа біткен және жүре пайда болған ауруларын диагностикалау және емдеу.
Бөлімшеде ересектер мен балалар ауруларының диагностикалауы мен емдеуі жүргізіледі:
Даму ақаулықтарын хирургиялық емдеу :
- өкпенің қарапайым және кистозды гипоплазиясы;
- кеңірдек пен бронхтардың даму ақаулықтары: кеңірдектің туа біткен тарылымдары, туа біткен лобарлық эмфизема, туа біткен бронхоэктаздар, жұп емес тамырдың үлесі, кеңірдек пен өңештің бүйірқалталары,
- өкпенің туа біткен кисталары (жалғыз, поликистоз)
- өкпенің секвестрациясы (өкпеден тыс және өкпе ішіндегі секвестрация)
- бронхоэктаздарды хирургиялық емдеу;
- өкпе қан кетуінің рентгеноэндоваскулярлық хирургиясы;
- өкпенің қатерлі және қатерсіз өсінділерін хирургиялық емдеу;
- өкпенің, плевраның, көкірекортаның, диафрагманың эхинококкозын хирургиялық емдеу;
- кеңірдек пен өкпенің жаңадан шыққан өсінділерін хирургиялық емдеу; көкірекортаның қатерсіз және қатерлі жаңадан шыққан өсінділерді хирургиялық емдеу;
- бір сәттік жедел хирургиялық араласулар, кеңірдектің тыртық тарылымдары кезіндегі, кеңірдек -көмейдің қос мүшелік кезеңдік реконструктивтік-пластикалық пен эндоскопиялық операциялар ы;
- диафрагмалды жарықты хирургиялық емдеу және диафрагманы релаксациялау;
- кеңірдек пен бронхтарға эндоскопиялық операциялар жасау;
Кеуде органдарының аурулары кезінде диагностикалық торакоскопия:
- айқын емес этиологиясының экссудативті плевриті;
- көкірекортаның есепке алынбаған жаңа өсінділері;
- өкпенің диссеминиреленген аурулары;
- өкпе обырының кезеңін анықтау;
- медиастиналды лимфаденопатиялары.
Кеуде органдарын хирургиялық емдеу кезінде жедел торакоскопия:
- пневмоторакспен асқынған буллезді ауру;
- өкпенің перифериялық қатерсіз жаңа өсінділер;
- өкпенің, плевраның, көкірекортаның эхинококкозы;
- солитарлы өкпе метастазалары;
- көкірекортаның қатерсіз жаңа өсінділері;
- кеуде жарақаттары мен жаралары (өкпенің жаралануы, кеуде жағындағы сосудтарының, бронхтарының жаралануы;
- плевраның эмпиемасы, пиопневмоторакс, панцирді плеврит
Балалар хирургиясы
- Өңештің күйік тарылымына, өңештің бүйірқалтасына, өңештің ахалазиясына, өңеш жүйесінің жарықтарына, өңеш кеңірдек және өңеш- бронхиалды жыланкөзіне шалдыққан пациенттерді хирургиялық емдеу;
- Бауырдың кисталарын және жаңа өсінділерін хирургиялық емдеу;
- Бауырдан тыс порталды гипертензиясын хирургиялық емдеу;
- бауыр циррозын және оның асқынуларын, эндоваскулярлық түзету әдістерін қосқанда, хирургиялық емдеу;
- өтшығу жолдарында ақаулықтарының дамуын және аномалияларды хирургиялық емдеу;
- ұйқыбезінің кисталарын және жаңа шыққан өсінділерді хирургиялық емдеу;
- тоқ ішек пен көтен ішектің аномалиялары мен ақаулықтарының дамуын хирургиялық емдеу;
- алдынғы ішперде құысының жарықтарын бастапқы және қайталама жедел хирургиялық араласулар (дәстүрлі әдістемелер мен синтетикалық материалдарды қолдануымен);
- кеуде органдарының туа біткен ақаулықтары бар ауруларды хирургиялық емдеу;
- жұмсақ тінді жаңа шыққан өсінділерді хирургиялық емдеу (гемангиомалар, орналасқан фиброматоз бен липоматоз және т.б.)
- мойынның ортадағы және жанындағы кисталарын хирургиялық емдеу.