Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

ҚЫЗЫЛОРДАДА 24 ЖАСТАҒЫ КЫЗҒА ҚАЙТА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Қызылордадағы Көпбейінді облыстық ауруханада күрделі екі ота жасалды. Жиырма төрт жастағы азаматшаға 45 жастағы әпкесі донор болды.
Реципиенттің диагнозы: терминалды бүйрек жеткіліксіздігі. Оған бірінші трансплантация 2018 жылы
жасалған. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас
пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алған. Соның салдарынан екінші мәрте трансплантация жасауға тура келді.
Отаны көпбейінді облыстық, аурухананың директоры,
PhD доктор, трансплатолог Жасулан Баймаханов,
директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол
Серікұлы және А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми
хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы,
урология және нефрология белімшесінің білікті мамандары жасады. Білікті мамандар еліміздің барлық дәрігерлеріне онлайн режимде шеберлік сағатын өткізіп, өз тәжірибелерін бөлісті.
Ота сәтті өтті.
Қызылорда облысында білікті мамандар артып, күрделі оталар жасалуда. Айта кету керек, бұл ота Қызылорда аймағындағы төртінші бүйрек трансплантациясы.

 

Разработано в AlmaWeb