Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Манат Арыспекұлы Жакубаев

Ангиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі

Білімі

2000–2007 жж. – «С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университеті», «Емдеу ісі» мамандығы

2007–2008 жж. – «С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университеті», «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатура

2008–2010 жж. – «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, «Жүрек-қантамыр хирургиясы» мамандығы бойынша резидентура

2011–2013 жж. – «С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университеті», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы

2015 –Kyung Hee university hospital, Сеул, Оңтүстік Корея, тағылымдама

2016 – «Функционалды диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлау

2016–2019 жж. – «С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университеті», докторантура, Ғылыми тақырыбы: «Қант диабеті кезінде аяқ артерияларын хирургиялық реваскуляризациялаудың оңтайлы тактикасы»

2017 – Литва денсаулық ғылымдары университеті, ангиохирургия бөлімшесі, Каунас, Литва, тағылымдама

2018 –Nagasaki University Graduate School of Biomedical Sciences, Нагасаки, Жапония, ғылыми тағылымдама

2023 – «В.А. Алмазов ат. ҰМЗО», РФ, Санкт-Петербург. «Іш қолқасы және ірі артерияларды хирургиялық емдеу; «Аяқтардың перифериялық артерияларын емдеудің рентгенэндоваскулярлық әдістері» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру

2024 – Веноздық ауруларды емдеу бойынша шеберлік сағаты – Embolization and deep venous meet and exchange. Түркия, Стамбул

Жұмыс тәжірибесі:

2010 – 2011 жж. – № 12 Орталық қалалық клиникалық ауруханасы, ангиохирургия бөлімшесі

2011 – 2023 жж. – «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, ангиохирургия бөлімшесі

2024 – «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, интервенциялық кардиология, аритмология және эндоваскулярлық хирургия бөлімшесі

2024 – қазіргі уақыт аралығында – «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ ангиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі

Практикалық дағдылары:

Варикоз ауруларын – көктамыр патологияларын эндовазалды коагуляция, радиожиіліктік аблация секілді заманауи емдеу әдістерін қоса алғанда хирургиялық және медикаментозды емдеу; терең және тері асты көктамыр тромбоздары мен созылмалы веноздық жеткіліксіздікпен жанама жүретін басқа да веноздық патологиялары кезінде емдеу тактикасын анықтау.

Іш қолқасының патологиялары кезінде, аяқ және қолдың артериялық арнаның зақымдауларын емдеудің интервенциялық әдістерін қоса алғанда, хирургиялық және медикаментозды емдеу.

Экстракраниалды қантамыр патологияларын хирургиялық және медикаментозды емдеу: емдеудің интервенциялық әдістерін қоса алғанда, инсульттің даму қатерін төмендететін оталар.

Қантамыр патологияларын анықтауға бағытталған клиникалық-зертханалық деректер мен зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау.

Аяқ/қол тамырларын, мойын тамырларын ультрадыбыстық дуплексті зерттеу.

Қосымша ақпарат

Ғылыми белсенділік – бірқатар, оның ішінде халықаралық мерзімді басылымдағы ғылыми мақалалардың авторы, Хирш индексі – 1.

Тілдерді меңгеруі – Қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – жетік меңгерген, ағылшын – upper intermediate-advanced

Қызығушылықтары –  Спорт, оқу, белсенді тынығу, саяхат

Разработано в AlmaWeb