№1 көпсалалы ақылы бөлімшесі
Тел.: 8 (727) 279-22-16, 279-23-27, 279-57-59, доп. 233, 173, 155
Моб. + 7 778 128 88 82
Біздің клиникамыздағы пациенттерді емдеудің замануи тәсілі ретінде емшаралардың толық спектрі кіреді: бастапқы диагностикалаудан бастап, тікелей емдеуді қосқанда, клиникадан ем алып шыққанда аурудың динамикада қадағалауы да жатады. Пациент ем алып жүрген кезінде оның емді қалауысыз тоқтатуға не бір сәттей үзуге ойы болмайды, сонымен барлық емдеу диагностикалық емшаралары белгіленген жоспарға сәйкес өткізіледі.
Ем алудыңбір түрін таңдау жайлы шешім қабылдаудың алдында пациентке емнің ықтимал түрлері мен нұсқаулары жөнінде толық ақпарат ұсынылады. Сондай ақ, пациентті емдеу барысында қолданатын тактикасы онымен бірге кеңесіп қалыптасады. Бөлімшеміздің алдына қойған мақсаттарының бірі емдеудің барлық процесі барысында пациенттеріміздің өмір сүру сапасының жоғары деңгейіне және де емдеудің барынша оң нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Шетел клиникаларымен тығыз ынтымақтастықта еңбектенуді арқасында біздің мамандар ең жақсысымен қамтылған:: әлем тәжірибесін, емдеудің замануи тәсілдерін және жоғары технологиялық жабдықтармен қолдануды меңгерген. Ем алу әдісі пациенттер үшін жеке оның ахуалы мен денсаулығының жағдайын ескеруімен тағайындалады, толық кешенді тексеруден кейін, ондай тексеру алғашқы келгеннен басталады. Пациенттерге емді амбулатор түрінде хирургия орталығымыздың базасында, пациентке қолайлы уақытында іске асыруға мүмкіндік бар. Сондай ақ емді және тексерілуді стационарда жатып алуға мүмкіндік жасалған. Диагностикалау мен емдеудің күрделі оқиғаларында Еуропа мен Азиядан жетекші сараптамашы мамандарды тартуымен іске асыруға болады. Қазіргі таңда біздің дәрігерлер қол жеткізген емдеу нәтижелері де Жапония, Оңтүстік Корея мен Еуропаның мамандарының нәтижелеріндей, кем түспейді.
Біз үшін пациенттердің жалпы ахуалы және де емшаралардан кейінгі тез сауығып, оңалуы маңызды. Сондықтан, емдеудің барлық кезеңінде клиниканың қызметкерлері пациентке барлық қажетті көмекті көрсетеді, барынша қолдайды және де кез келген олардың сұрақтарына жауап беруге әзір.
А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО көпбейінді хирургия бөлімшесі ішперделік құысында, ішпердеден тыс құысында және кіші жамбас жағындағы органдарында азинвазивті хирургиялық араласу тұрғысынан жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Бөлімшеде 10 маман қызмет көрсетеді: маман ретінде жоғары кәсіби білікті хирургтар, гепатологтар-гастроэнтерологтар, кардиологтар, пульмонологтар, гинекологтар. Жедел түрде хирургиялық араласу оталарының түрлері және емдеу тәсілдері мен тәжірибелері түрлі озық шетел клиникаларынан алып, енгізілген. Клиникалық тәжірибеде негізгі бағыт ретінде бірегейлі аз жарақаттандыратын (ыңғайлы, майысатын ішке жарық түсетіндей бейнеэндоскопиялық, лапароскопиялық, рентгенэндоваскулярлық) хирургиялық емдеу әдістері жатады, олар замануи технологияларды қолдануымен іске асырылады. Сонымен қатар бөлімшеде бауырдың диффузды зақымдануын (вирусты гепатит, бауырдың май ауруларын, циррозды және т.б.) емдеу және де реципиенттер мен донорлардан бауырды трансплантаттау отасын жасауға операцияға дейінгі дайындық емшараларын жүргізуімен айналысады. Үнемі әлеуетті реципиенттердің мониторингі жүргізілуде.
Жалпы №1 көпбейінді хирургия бөлімшесінде түрлі созылмалы аурулардың қалай да консерватитві емдеуі іске асырылса, сондай да түрлі инновациялық әдістерімен жоғары кәсіби білікті хирургиялық көмек көрсетіледі:
Қатерсіз және қатерлі ісік аурулары:
- Бауырдың хирургиялық патологиясы – бауыр гемангиомалары, қарапайым және паразитарлы (эхинококкоз, альвеококкоз) бауыр кисталары , бауырдың іріңді ошақты зақымданулары (абсцесс), бауырдың бастапқы және қайталама (метастазалық) ісіктері;
- Бауырдан тыс өтшығу жолдарының және өтқалтасының хирургиялық патологиясы – созылмалы және жіті калькулезді холецистит, өтқалтасының полипозы , холедохолитиазы, өтшығу жолдарының отадан кейнгі тыртық тарылысытары, өтқалтасының және бауырдан тыс өтшығу жолдарының обырының хирургиялық патологиясы;
- Ұйқыбезінің хирургиялық патологиясы – шынайы және жалған кисталары, қатерсіз генезінің вирсунгиалды гипертензиясы, панкреатиттік жыланкөз, ұйқыбезінің тастары, түрлі жерде орныққан ісіктер (басы, денесі, құйрығы ), үлкен дуоденалды емшекұштың ісігі;
- Эндокринді органдарының хирургиялық патологиясы (бүйрекбез, қалқаншабез, паратиреоид, айыршабез (тимус)) – аденома, гиперпаратиреоз, тимомалар, миастения, феохромацитома, альдестерома, инциндентолома, калойдты зоб, фолликулярлы зоб, диффузды-уыттану зобы, нейробластома, карцинома, папиллярлы обыр , медуллярлық обыр және т.б.);
- Асқазан-ішек жолдарының (АІЖ) хирургиялық патологиясы: стеноздар, дивертикулдар, ахалазия, лейомиомдар, рабдомиомдар, диафрагма өңешінің тесіктеріндегі грыжалар , асқазанның ойықжаралары, долихосигма, өңеш обыры, асқазан обыры, жуан ішек, көтен ішек обыры, жіңішке ішек обыры.
- Ішперде құысының хирургиялық патологиясы – ішперде құысының қатерсіз және қатерлі ісіктері;
- • Шұғыл гинекология – цервикалды каналының түймешегі мен эндометриясы, гиперплазия эндометрия гиперплазиясы, жатыр құысының синехиясы, жатыр құысындағы бөгде заттар, сакто- және гидросальпинкс, өту жолына бөгет жасайтын, жатыр түтігі жабыспасының зақымдануы, жатырдан тыс жүктілік, анабезінің кистасы ,анабезінің поликистозы, ішкі жыныс органдарының төмен айналып кетуі және шығып кетуі, жатыр мен қынап жақтарының төмен түсуі және шығып кетуі, цисто-ректоцеле, жатыр миомасы, жатыр эндометриозы.
Ішперде құысының, ішпердеден тыс құысының және кіші жамбас органдарына жасалатын жедел хирургиялық араласулар:
- Бауыр сегменттерінің лапароскопиялық анатомиялық резекциясы;
- Бауырдың лапароскопиялық атипиялық резекциясы;
- Бауыр гемангиомының лапароскопиялық энуклеациясы;
- Лапароскопиялық гемигепатэктомия (сол жағының, оң жағының);
- Бауырдың паразитарлық емес кисталарының фенестрациясы;
- Өтшығу жолдарының лапароскопиялық реконструктивті операциясы;
- Көкбауырды сақтауымен қалқанбез денесі мен құйрығының лапароскопиялық резекциясы;
- Қалқанбездің қатерсіз кисталары кезінде лапароскопиялық операциялары;
- Қалқанбез басының лапароскопиялық резекциясы;
- Бауырдың бастапқы және қайталама қатерлі өсулерінде радиожиілік абляциясы;
- Ішперде құысының өсулерінде лапароскопиялық операциялары;
- Асқазанның лапароскопиялық резекциясы;
- Тоқішектің лапароскопиялық операциялары;
- Лапароскопиялық адреналэктомия;
- Лапароскопиялық фундопликация, крурорафия;
- Алдынғы ішперде жағының бұт грыжалары және грыжалары кезінде лапароскопиялық герниопластика;
- Диафрагманың лапароскопиялық пластикасы;
- Лапароскопиялық гистерэктомия;
- Жатырдың лапароскопиялық ампутациясы;
- Лапароскопиялық экстирпация;
- Лапароскопиялық миомэктомия;
- Слингті операциялар;
- Гистероскопия
- Гистерорезектоскопия;
- Жатыр мойынының хирургиялық емдеу;
- Сыртқы жыныс органдарының пластикалық операциялары;
- Интимді пластика, лябиопластика;
- Алдынғы-артқы кольпография;
- Леваторопластика.
Рентгенэндоваскулярлық қызметпен бірге:
- Бауырдың кеңейтілген резекциясына дайындау және қарама-қарсы бөлігінің жаға венасының эмболизациясы;
- Бауырдың қатерлі өсіктері кезінде трансартериалды химиоэмболизациялау (ТАХЭ);
- Бауырдың гемангиомалары кезінде портоэмболизациялау және трансартериалды РЭО;
- Жатыр миомасы кезінде рентгенэндоваскулярлық окклюзиясы;
УД (ультрадыбыс) бақылауындағы УД (ультрадыбыс) қызметімен бірге жасалатын операциялар:
- Бауырдың пункциялық биопсиясы;
- Бауырдағы ошақты процестерінің пункциялық биопсиясы;
- Тері арасынан бауырарасы холецисто-холангиостомия;
- Бауырдың іріңді ошақты процестерін сыртқы кәріздеу;
- Қалқанбез кисталарын пункциялық аспирациялау және кәріздеу;
- Ішперде құысының және ішпередеден тыс жағын сұйық заттарының жиналып қалуын сыртқы кәріздеу.
Эндоскопия қызметімен бірлесіп (ішкі жарық түсетін майысқыш бейнескопиялық хирургиясы);
- Папилосфинкреротомиясын жасауымен ретроградты холангиопарнкреатографиясы (ERSP);
- Өтшығу жолдарының бейнеэндоскопиялық стенттілеу (пластикті немесе металлды стенттерімен);
- Өңешті, кеңірдекті және жуан ішіекті эндоскопиялық стенттілеу;
- Эндоскопиялық сүмбілеу/асқазан ішек жолдарының тыртық тарылуларын баллон арқылы дилатациялау;
- Эндоскопиялық холедохолитоэкстракция (өтшығу жолдарының тастарын алып тастау, ұсақтау);
- ВРВП және асқазанды эндоскопиялық легирелендіру және склерозирелендіру;
- (ESD, EMR) неоплазияны алып тастау, соның ішінде сілемей/сілемей асты қабатының диссекциялау арқылы АІЖ және бронх тармағы обырының ерте шыққан түрлерін резекциялау.
- (POEM, STER) өңеш пен асқазанның кардияларының ахалазиясы және сілемей қатерсіз өсінулері туннельді резекциялауы;