Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Журналистер денсаулық сақтау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысымен тікелей эфирде талқылайды

1 қараша күні Vласть «Верный Капитал» компаниялар тобымен серіктестікте Hard talk форматындағы кезекті ашық сұхбатты өткізеді. Бұл жолы журналистер Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездеседі.

Hard talk форматы Қазақстанның түрлі басылымдарында жұмыс істейтін журналистердің қызықты спикерлермен сұхбат жүргізуіне мүмкіндік береді.

Журналистер Денсаулық сақтау министрлігінің басшысымен денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістерді, соның ішінде осы саланы цифрландыруға қатысты мәселелерді, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты алдағы реформаларды талқылайтын болады.

Сұхбат Vласть сайтының Facebook. желісіндегі аккаунтында онлайн режимде көрсетіледі. Трансляция 1 қараша, жұма күні сағат 15:00-де басталады. Көрермендер Елжан Біртановқа өз сауалдарын комментарий арқылы жолдай алады.

Кейін бұл сұхбаттың видеожазбасы Vласть сайтының парақшасында да, интернет басылымның YouTube желісіндегі аккаунтында да қолжетімді болады.

Vласть және «Верный капитал» өткен жылы да осы форматта бірнеше кездесулер ұйымдастырған. Ол кездесулердегі спикерлердің қатарында Аружан Саин («Милосердие» ерікті қоғамы), Эндрю Вахтель (Нархоз Университеті), Елена Бахмутова (Қазақстан финансистерінің ассоциациясы), Кайрат Алтынбеков («Баспана» ипотекалық ұйымы), Ерлан Оспанов (Верный капитал) және Гурам Андроникашвили (Forte bank) бар.

https://vlast.kz/verny-capital/25/35840-preobrazovania-v-sisteme-zdravoohranenia-zurnalisty-obsudat-v-pramom-efire-s-glavoj-minzdrava.html?fbclid=IwAR0yqhn__oUyHcF7y1F0CzcoqVHh_XNuqaBZeJaDhqCy3mpdeVXW00p-tJc

Разработано в AlmaWeb