Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасында бүйрек транслантациясы бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды

Денсаулық сақтау саласын дамыту және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу шеңберінде «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.Б. Баймаханов 2023 жылғы 6-7 қарашада Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасында бүйрек транслантациясы бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Шеберлік сабағы аясында 3 бүйрек трансплантациясы жасалды. Терминалды созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы бойынша бір науқасқа бүйрек ретрансплантациясы орындалды. Оталардың барлығы сәтті өтті, науқастардың жай-күйі жақсарып келеді, алдағы уақытта оларға гемодиализ сеанстарын жүргізу қажет емес.

10 ай ішіндегі кезеңде осы мекемеде бұған дейін өткізілген шеберлік сабақтарының шеңберінде жалпы 8 бүйрек трансплантациясы жасалды.

Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері Б.Б. Баймаханов бастаған білікті мамандар тобы ұйымдастырған осы іс-шараның нәтижесінде бүйрек трансплантациясын жасаудың қыр-сырын меңгеріп, дағды-біліктіліктерін арттырып жатыр. Бүйрек трансплантациясы жөніндегі бұл ынтымақтастық Түркістан облысы халқына көрсетілетін трансплантологиялық көмек сапасын жетілдіре түспек.

Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында бүйрек трансплантациясы бойынша мастер-класс

Разработано в AlmaWeb