Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

А.Н. СЫЗҒАНОВ АТ. ҰҒХО МАМАНЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АРИТМОЛОГТАРҒА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

Қызылорда облыстық көпсалалы ауруханасында «Қарыншаүстілік тахикардия кезіндегі катетерлік радиожиіліктік аблация» – жүрек аритмиясын интервенциялық емдеу әдістемесін енгізу бойынша шеберлік сабағы өткізілді.

Шеберлік сабағын А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның рентгенохирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Баимбетов Әділ Құдайбергенұлы өткізді. Ол – Қазақстандағы жетекші аритмологтардың бірі, сондай-ақ Қызылордалық аритмологтардың тәлімгері.

Жүрек аритмиясын радиожиіліктік аблацияны қолдану арқылы емдеудің катетерлік әдістері Қызыkордада алғаш рет енгізілді, бұл бастамаға жергілікті дәрігерлер бірнеше жыл бойы дайындалды. Бұған дейін олар осы әдістемеге Сызғанов атындағы орталықта машықтанған және Әділ Құдайбергенұлы тәжірибелі маман ретінде аритмологиялық оталардың ережелерін меңгеруге жүйелі түрде көмектесіп келеді. Қызылордалық аритмологтар бұған дейін түрлі жүрек құрылғыларының имплантациясын меңгеріп, қазіргі таңда оларды жоғары деңгейде жүргізуде.

Ә.Қ. Баимбетовтың айтуынша: «Енді Қызылордада да толыққанды аритмологиялық орталық бар. ЭФЗ қондырғылардың болуы әріптестерімізге катетерлік аблациялардың барлық түрін меңгеруге мүмкіндік береді. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, ол солай болуы керек: қарапайымнан күрделіге қарай, жүрек-қантамыр ауруларын емдеуде жоғары технологияларға қарай бірте-бірте ұмтылу керек. 8 ота жасалды: оның басым бөлігі – қарыншаүстілік тахикардиялар. Барлығы асқынуларсыз, сәтті өтті».

Қызылордалық әріптестерімізге осы бастама жолындағы жұмыстары жемісті болсын деп тілейміз!

Разработано в AlmaWeb