Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

Ескерту!

Әлеуметтік желілерде ағза трансплантациясы бойынша ота жасау үшін қаражат жинау туралы өтінімдердің (ақпараттардың) жиі таралуына байланысты, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, ағза трансплантациясы бойынша ота да, науқастардың ұйымдарда болуы да, реципиент пен донорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде ақысыз негізде жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Ағза трансплантациясы бойынша отаны төлеу үшін қаражат жинау туралы мазмұндағы кез келген ақпарат республика азаматтарын жаңылыстыратын дәйексіз ақпарат болып табылады.

Айлакерлердің құрбаны атанудан сақтаныңыздар. Тек ресми тіркелген қайырымдылық ұйымдары ғана қаражат жинаудың атаулы сипатына және заңдылығына кепілдік бере алады.

Құрметпен, «А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ

 

 

Разработано в AlmaWeb