Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Қазақстанда трансплантациялау отасы қалай өтеді?

Сенбіде Қызылордада жалпы республикалық акция аясында «Туған жерге тағзым!» атты кездесу өтті. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев және Сыр өңірінде дүниеге келіп, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген белсенді тұлғалар қатысты.

Олардың қатарында Уәлихан Бишімбаев, Мұрат Әбенов, Алмас Алматов, Елена Әбдіхалықова, Гүлмира Дайрабаева, Мәди Манатбекұлы, Болат Баймаханов, Жеткерген Арзықұлов, Ғалымжан Тоғызбаев, Қуат Тәліп, Қанат Әлжаппаров, Айнұр Жақапбаева, Әбілқайыр Әбдіраш, Қалиола Омаров, Шахмардан Байманов болды.

«Туған жерге тағзым!» атты сырбойылық іскер, елге сыйлы азаматтардың кездесуін ұйым­дастыру дәстүрге айналып отыр. Мақсат – Сыр өңірінен шыққан, танымал тұлғалардың жеткен жетістіктерін аймақ жастарына үлгі ету, оларды туған жеріне қолдау көрсетуге шақыру.

– Алаш елі танымал тұлғаларға кенде емес. Елдің өркендеуіне Сыр тумалары да үлес қосып келеді. Бүгінгі кездесуге саясаткерлер, кәсіпкерлер, өнер қайраткерлері, дәрігерлер мен мұғалімдер келіп отыр. Баршаңызды Сыр өңірі әрдайым құшақ жая қарсы алуға дайын. Бізді қуантатыны, Сыр бойында бастау алған жерлестердің жиналып, туған елге тағзым ету дәстүрі қазір бүкіл елге таралып, республикалық акцияға айналды. Биылғы жылы «Туған жерге тағзым» шаралары Ақтөбе мен Талдықорғанда да өтті. Бұл бөлінудің емес, қайта бірігудің негізі болады, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сыр елінің баянды болашағы үшін көтерген бастамаларының басы-қасында жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қызылорда қаласынының құрметті азаматы Уәлихан Бишімбаев аймақтағы оң өзгерістерге куә болғанын айтты.

– Сыр жерінде туып-өстім. Осында азаматтық тәрбие алып, кәсіби білікті маман атандым. Біз туған жеріміздің дамуы үшін өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Сыр елінің экономикалық әлеуеті жоғары. Жиырма жыл бұрын біз, ғалымдар, «Шалқия» секілді өндіріс орындары іске қосылса деп армандайтын едік. Ал бүгінде металлургиялық кластер жобасы жасалғанының куәсі болдық. Қомақты инвестиция тартылуда. Соңғы кездері көптеген өндіріс пен жұмыс орындары ашылып отыр. Мен барлығыңызды туған елдің гүлденуіне күш-жігерлеріңізді салуға шақырамын, әсіресе жастарға үлгі бола білейік, – деді У.Бишімбаев.

Расында туған жер үшін тынымсыз етіп жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі – ҚР Еңбек Ері Абзал Ералиевтің ісі көпке үлгі. Ол өркендеткен Нағи Илиясов ауылы ХХІ ғасырдың ауылы атанды. Кездесуде ол қолдан келгенше өңірдің өркендеуіне көмегін аямайтындығын айтты.

Ал «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов «Серпін» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Мен бағдарламамен білім алып жатқан жастардың кіші отаны, яғни, туған жерлері үшін еңбек ететіндіктеріне сенімдімін, – деді Мұрат Абдуламитұлы.

– Қызылордада білім саласында аз жұмыс жасалған жоқ. Тіпті Ресейдің маңдайалды оқу орындарымен келісім жасалып, жүздеген қызылордалық өрендер көрші мемлекетте білім алуда. Сонымен қатар, облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалды. Жалпы, ҰБТ қорытындысы бойынша бесінші сатыдан көріндік, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Ал А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының директоры Жеткерген Арзықұлов әр сала бойынша Қызылорда облысын дамыту жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынды.

Кездесуде әнші, сазгер Елена Әбдіхалықова әлемде экономикалық қана емес, рухани дағдарыстың жүріп жатқанын, одан сақтанудың қам-қарекетін ұдайы жасап отыру керек екендігін тілге тиек етті.

– Түркі дүниесінің ұлы ордасы, ата қонысы – Қорқыт ата мәңгілік мекен тапқан Сыр бойы, ежелгі Тұран ойпаты. Бүгінде Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы университетті түркі жұртының іргелі оқу ордасына айналып келе жатыр. Осы ретте неге Қорқыт бабамыздың атын алып отырған жоғары оқу орны Шығыс әлемін тануға байланысты шығыстану факультетін ашуға қадам жасалмасқса?! – деген ойын білдірді.

Жылы жүздесудің соңында жиналған көпшілік «Сыр елі» әнін Елена Әбдіхалықовамен бірге шырқады.

Иточник: http://www.syrboyi.kz/kogam/6841-ltty-ortaly-mamandary-marapattaldy.html

Разработано в AlmaWeb