Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

Баймаханов Болатбек Бимендеұлы

«А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ Басқармасының төрағасы

Баймаханов Болатбек Бимендеұлы

«А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ Басқармасының төрағасы
Телефон/факс: 8 (727) 279-99-61

Директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің өкілі.

1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тәмамдаған. Қызылорда облыстық ауруханасының базасында 1986-1987 жж. аралығында «Хирургия» мамандығы бойынша интернатурада білім алған.

Өз еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда облыстық ауруханасында эндоскопист дәрігер лауазымынан бастаған. 1991 жылы «абдоминалды хирургия» мамандығы бойынша екі жылдық клиникалық ординатураны тәмамдаған, 1995 жылы А.Н. Сызғанов ат. клиникалық және эксперименталды хирургия ҒЗИ эндоскопиялық хирургия бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері лауазымына конкурс бойынша тағайындалған. 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымын атқарған. 2003 жылы «А.Н. Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығы» РМКК директоры болып тағайындалған. Сонымен қатар 2006 жылы Т.Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетінің экономикалық факультетін тәмамдап, «Экономика бакалавры» дәрежесін алған. 2007-2008 жылдар аралығында Орталықтың бауыр, өт жолдары және ұйқы безі хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2008 жылы Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған. 2011 жылдан бастап Астана қ. «Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 жылғы ақпаннан бастап 2016 жыл аралығында Алматы қ. №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері. 2016 жылғы қаңтардан бастап қазіргі сәтке дейін «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасы.

300-ден астам ғылыми–тәжірибелік мақалалардың авторы, өнертабыс бойынша 45 патентке ие, ҚР өнертабысының инновациялық патенттеріне дейінгі 30 патентке ие, оның жетекшілігімен 8 кандидаттық және 6 докторлық диссертация қорғалды.

Разработано в AlmaWeb