Нашар көретіндерге арналған нұсқа info@nnch.kz
+7 (727) 225 09 30
«А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма 8:00-17: 00) +7 (727) 225 09 30, + 7 (727) 279 22 40.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 51
Меню

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ А.Н.СЫЗҒАНОВ атындағы ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

2019 жылдың 28 қазан мен 2 қараша аралығында шетелдік маманды шақырумен «Бауыр ауруларының алдын-алу. Бауыр трансплантациясынан кейінгі науқастарды бағдарлау» тақырыбында шеберлік сабағын ұсынады. Шеберлік сабағын өткізуге Сеул ұлттық университетінің докторы Кван Ванг Ли (Корея Республикасы) шақырылды.

Бағдарламаның мақсаты: теориялық білімді, кәсіби дағдыларды игеру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру.

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы: халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында бауыр ауруларының алдын-алу және науқастарды емдеу, сондай-ақ бауыр трансплантациясынан кейінгі посттрансплантация кезеңіндегі науқастарды бағдарлаудағы практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған.

Шеберлік сабағы бағдарламасын аяқтағаннан кейін қатысушы:

– пациенттердің топтық сәйкес еместігі жағдайында тірі донордан (реципиенттен және донордан) бауыр трансплантациясының көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдерін анықтауға;

– бауыр трансплантациясынан кейін науқастарды емдеу әдісін анықтауға;

– мамандандырылған әдебиеттерді сауатты түрде қарау, өзіндік зерттеу әдістерін игеру және ғылыми тақырыптар бойынша клиникалық материалдарды дайындауға қабілетті болады.

28 қазан күні шеберлік сабақты «Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның» Басқарма Төрағасы, академик Б. Б. Баймаханов ашады.

Конференцияның мақсаты — Қазақстан Республикасындағы жедел хирургия мәселелеріне назар аудару және халықаралық тәжірибені ескере отырып, олардың шешімін табу.

Шеберлік сабақтарына қатысу арқылы Қазақстанның барлық аймағынан келген мамандар халықаралық сарапшының тәжірибесін клиникалық тәжірибеде қолдана алады.

Өткізу орны: Қазақстан, Алматы қаласы

28 қазан – 2 қараша 2019 ж. – Желтоқсан көшесі 62, Мақатаев көшесі қиылысы, А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО ғимараты.

Қосымша ақпаратты А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз білім беру бөлімінің жетекшісінен алуға болады. Аубакирова Айгүл: +7 727 279-99-12 (ф.), +7 701 9513192 (ұялы тел.).

Разработано в AlmaWeb