Іс-шара Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына 27-қараша күнгі ресми сапарының қарсаңында өтеді.
Осы іс-шараның шеңберінде екі елдің денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен форум өткізілетін болады.
Ғылыми орталықтардың бірінші басшылары Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері туралы баяндама жасайды:
Ұлттық ғылыми медициналық орталығының басқарма төрағасы Абай Байгенжин;
«University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Жақсыбай Жұмаділов;
А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасының м.а. Болатбек Баймаханов және басқалар.
Қазақстандық мамандар Қырғыз Республикасының азаматтарына тегін консультациялар беруді ұйымдастыруды жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстандық жетекші медициналық ұйымдардың қатысуымен медициналық көрме ұйымдастырылады.